12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы жүзеге асуда

Бүгін №15 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының 2-ші кезеңін іске асыру бағдарламасы  бойынша іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты босатылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру және тұрмысқа бейімдеу бойынша, әлеуметтік-құқықтық көмек және медициналық көмек алу. Сонымен қатар жазасын өтеуші шетел азаматтарына  босатылғаннан кейінгі депортациялық құқықтарын түсіндіру туралы яғни, сотталған азаматтарды бостандыққа дайындау бойынша, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп бағыт дағдар беру, жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен талқылау мақсатында мекеменің САТжӘПЖ бөлімінің бастығы әділет капитаны Р.Б. Байжанов «Қақпа алдында кездесу» шарасына қатысушы құзырлы орган  өкілдерді таныстырды.

Шараға Атырау облысы жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және әлеуметтік бағдарлама басқармасының маманы А.Қ. Жақытова, Атырау қалалық полиция басқармасы учаскелік полиция  инспекторы  полиция аға лейтенанты Н.Қ. Зейінов және Атырау облысы бойынша полиция департаменті көші-қон қызметінің инспекторы  полиция капитаны Б.Б. Ерғалиев қатысты. Босатылатын сотталған азаматтардың босатылған кезде туындайтын мәселе қоғамға бейімделу, жұмысқа орналасу, кәсібін жалғастыру және жазасын өтеп жатырған шетел азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс қанша уақытта шығатындары, Қазақстан мемлекетінің азаматтығын алуға қандай құжаттар керектігі т.б.     көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ақпарат алды.

Мекеменің САТжӘПЖ бөлімінің бастығы әділет капитаны Р.Б. Байжанов шара соңында бағдаламаға қатысушы құзырлы оргын қызметкерлеріне  осындай маңызды іс-шараға келіп жан-жақты түсіндірме жұмысын жүргізгендері үшін алғыс білдірді.

№15 мекемесінің САТжӘПЖБ

БЕТО аға инспекторы

әділет капитаны                                                                 Г.У. Милкимбаева

Жаңа жыл мерекесіндегі ХҚКО мен МХҚКО жұмыс кестесі

       «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекесіне байланысты...

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...