Ақордада Президенттің атынан ауызашар берілді

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ауызашар берілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Борт №1 Telegram-арнасы хабарлады. Ауызашарға Президенттің өзі де қатысқан. 

Президент Рамазан айында арнайы дастарқан жайып, ауызашар берді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым алдында сөйлеген сөзінде бұл игі дәстүрдің халықты береке-бірлікке шақыратынын атап өтті. Мемлекет басшысы әділетті қоғам құрудың маңыздылығына тоқталды.

«Жақын арада Конституциямызды өзгертетін болдық. Бірақ, ең алдымен, жұртымыздың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Бұл — оңай шаруа емес. Алдымызда көптеген түйткілдер бар, сондықтан бәріміз жұмыла еңбек етуіміз керек. Ең бастысы, ниетіміз таза, пейіліміз түзу болуға тиіс. Бір-бірімізге жанашырлық танытуымыз керек. Қазір бүкіл адамзатқа дәл осындай қасиеттер жетіспей жатыр», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға дұрыс бағыт-бағдар берілуі керек екенін, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу, отаншыл жастар ғана келешектің иесі болатынын ерекше атап өтті. Президенттің пікірінше, жастарымыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, қазіргі заманның ғылым-білімін игеруі айрықша маңызды.
Мемлекет басшысы ислам дінінің өркениет құндылықтарын, бейбітшілік ұғымдарын насихаттайтынын атап өтті.

«Жұртымыз қашанда бейбіт өмірді бағалай білген. Біз осы ұстанымнан айнымаймыз. Ол үшін елімізге береке-бірлік, өзара түсіністік қажет. Ислам адамдарды бөлінуге емес, бірлікке шақырады. Имандылық — ең асыл қасиет. Сондықтан, дәстүрлі дініміз ұрпақ тәрбиесінің өзегі болуы керек. Ұрпаққа осындай өнегелі тәрбие беру — бәріміздің ортақ міндетіміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы елімізге татулық пен тыныштық тіледі.

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.