12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақнұр Тәуекел, психолог: Масылдық — бірінші адамның, екінші қоғамның деградацияға ұшырауына түрткі болады

Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің қоғам масылдық психологиядан арылуы керек. Әрине, мемлекет әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсете береді. Бірақ жұмыс істеуге мүмкіндігі бар әрбір адам адал еңбекпен табыс тауып, отбасын асырауға міндетті. Осының өзі елімізді дамытуға үлес қосу деген сөз», – деп, әрбір адам адал еңбекпен табыс тауып, отбасын асырауға міндетті екенін айтқан болатын. Дегенмен мемлекеттің әлеуметтік блокқа бөлетін шығыны жылдан-жылға өсіп келеді. Ал қоғамда психология дендеп барады. Неге? Оның алдын алу жолдары қандай? Бұл туралы Zanmedia.kz тілшісі психолог Ақнұр Тәуекелмен әңгімелесті.

— Ақнұр ханым, әңгімемізді әуелі «Масылдық психология дегенміз не?» деген сұрақтан бастасақ…

— Соңғы кездері қоғамымызда белең алған мәселелердің бірі – масылдық психологияның кең етек жаюы. Қарапайым тілде айтсақ, паразиттік өмір салтын ұстанып, басқа адамдардың ресурстары есебінен өмір сүретіндер легі. Салдарынан ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп күн көру, қиындыққа төзбеу, жеңіл табыс табуға ұмтылу секілді жағымсыз әрекеттер – қазіргі қоғамның кесірі. Бұл жерде масылдық психологиядан бұрын, «Масыл адам дегеніміз кім?» соны анықтап алайық. Масыл адам — жұмысқа құлқы жоқ, біреудің еңбегімен жатып ішуге дағдыланған, басқа адамдардың тарапынан тұрақты түрде материалдық немесе ақшалай қамтамасыз етілген адам. Яғни, практикалық психологияда тәуелді адам-өзін ұстауға және қамтамасыз етуге дайын емес, біреудің есебінен өмір сүретін және солай өмір сүргенді жақсы көретін адам. Одан бөлек – масылдық әлеуметтік психологияда әдетте нәрестелік-патерналистік кешен ретінде анықталатын көзқарасқа негізделген. Мұнда масыл адамның екі түрі бар екенін білген жөн. Бірі – көп жағдайда бала болып қалатын, күнделікті өмірден бастап, жалпы қоғам деңгейіне дейін мемлекет түріндегі «ата-анасының» қамқорлығына, қорғауына мұқтаж адамдар. Мұндай адамдарды инфантиль деп атайды, яғни жасы бойынша ересек болғанмен, психологиялық тұрғыдан балалық қасиеттерді сақтайтын адамдар. Ал екінші түрі — жетілмеген адамдарға ата-ана ретінде қатысты әрекет ететін, оларды қорғау және қамқорлықпен қамтамасыз ететін күштерден құралады. Сондықтан мұндай көзқарас патернализм деп аталады, яғни «әке» қажеттілігімен, оны қорғау мен қамқорлық қажет етумен байланысты көзқарас. Бұл масылдық психологияда — қорғаумен қамқорлықты қажет ететіндер және оны қамтамасыз ететіндер деп қарастырылады.

— Масылдық психология неден пайда болады?

Бұл тұста бір айта кететін жайт, елімізде халықтың басым бөлігі үнемі мемлекеттің көмегіне жүгініп, жауапкершілікті үкіметке артып отырады. Олар өздері тұрған жағдайға, өмір сүру тәсіліне жауапкершілікті сыртқы факторларға аударуға бейім. Олар кейбір нәрселер үшін мемлекетті, ата-ананы кінәлап, өздері үшін жауапкершілікті алмайды. Екіншіден, қазақстандықтарға оппортунизм тән. Пайдалану мүмкіндігі пайда болған кезде, соның ішінде әлеуметтік жүйелерді алайық, адамдар мұнда барынша пайдаланып қалуға тырысады және мұны ұят деп санамайды. Неге екені белгісіз, біздің қоғамда «Үкімет үй беруі керек, пәтер беруі керек, мемлекет бағуы керек» деп  қалыптасқан ұғым әлі бар. Одан арылмасақ, қоғам мен мемлекетке масыл болғанымыз болған. Мұның бәрі инфантилизм мен масылдықтың тамыры. Одан бөлек мұндай адамдар «Істейін десек жұмыс жоқ» деген негізсіз сылтауларды жиі айтады. Немесе мұндай адамдарда мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайларды пайдаланып, жұмыссыздың жәрдемақысын, я болмаса, үйдегі балалардың әлеуметтік төлемақысын қанағат етіп жүру әдеті бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында елде «әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатын» адамдар барын айтып, «масылдықты» сөккен еді. Бұл туралы: мемлекет басшысы: «Қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алды. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатындар аз емес. Ондай адамдар кез келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек», — деген болатын. Еңбекке деген сұраныстың жоқтығы, адамның өзіне деген сенімсіздігі көп жағдайда «масылдық психологиясын» туындатуы да мүмкін. Қазір дәмету тым көбейіп кеткендей. Дәметудің арты сұраншақтық, жалтақтық, жалпақтаушылыққа, жалқаулыққа жеткізеді. Оның соңы – еріншектікке әкеледі. Еріншектіктен масылдыққа жету – бір-ақ қадам.

— Масылдық көзқарастан қалай арыламыз?

— Екі қол, екі аяғыңыз сау бола тұра, он екі мүшеңіз бүтін бола тұрып өз басыңызды өзіңіз алып жүре алмасаңыз, тірлігіңізді тиянақтай алмасаңыз өзіңізден басқа ешкім кінәлі емес. Танымал психолог Анна Құдиярова бір пікірінде «масылдықтың туындауын кішкентай баланың сұрағанын бірден беруге бейімдеу – есейген шағында сол әрекетті қайталауға себеп болады» дейді. «Мысалы, бала «қыңқ» етсе сүтін береміз, тамағын дайындаймыз, еркелетіп, әлпештейміз. Міне, бұл оның санасында масылдық әдеттерін қалыптастырып тастайды. Сондықтан мұндай балалық психология әрқайсымыздың бойымызда, жанымыздың түкпірінде бәрібір сақталып қалатындықтан, мен масылдықтан толық арылдым деп ешкім айта алмайды. Саналы, бейсаналы түрде болсын кез келген адамда баяғы ертегідей: «маған бәрі өздігінен келе қалса, мен ештеңе жасамасам. Бәрі бірден бола қалса» деген ойдың болуы психологиялық заңдылық», — деген екен . 

Әрине масылдық психологияны түбегейлі психологиялық заңдылық деп қарауға болмайды. Жалпы үкіметтен жәрдемақы алатындарды масыл адамдар деп те айта алмаймыз. Өйткені олар масыл емес, шынымен мұқтаж жандар. Дегенмен жағдайы төмен отбасыларға бөлінген несібені орта жолдан пайдаланғысы келген жандарды «масыл» демеске амал жоқ. Мұндай адамдар «олар алып жатыр, мен де алып қалайын» деген оймен жүреді. Немесе ұсынылған жұмыстан бас тартып, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмекке қол жайып күн көруді әдет қылады. Бұдан бөлек, өзі несие алып, қарызын қайтаруға келгенде құлықсыздық танытып, мемлекеттен несиесін жауып беруді талап ететін азаматтар да бар. Бұл адамдарға  бірінші психиканың әлсіздігі, екінші масылдық ой әсер етеді деп ойлаймын. Салдарынан масылдық бірінші адамның, екінші қоғамның деградацияға ұшырауына түрткі болады. Ал өзін-өзі құрметтейтін, рухани бай адам мұндай қадамға бармайды.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Ақбота Ерболқызы

Алматы қаласы әдеп жөніңдегі кеңестің 2024 жылғы қызметінің нәтижесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаменттерінің жанында...

Сотрудники УИС провели интерактивную встречу с учащимися среднего звена школы на тему «Өзіңнен баста»

В области Абай сотрудники учреждения, смешанной безопасности, провели интерактивную...

ҚАЖ қызметкерлері мектептің орта буындағы оқушыларымен кездесу «Өзіңнен баста» атты интерактивті кездесу өткізді

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері, мектеп оқушыларымен қоғамдық...

Сотталғандар қарттар үйінде тұратын қарияларға киімдер тікті

Сотталғандар қарттар үйінде тұратын қарияларға арналған концерттік бағдарламаға арнап...

Осужденные сшили костюмы для пожилых людей которые живут в доме престарелых

Осужденные сшили костюмы для концертной программы для пожилых людей,...