Ақмолада үш ауылдың атауы өзгереді

Өңірде Тіл саясатын жүзеге асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында Ақмола облысы бойынша 2022-2025 жылдарға арналған идеологиялық ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша Жол картасы әзірленіп, жүзеге асырылуда.

Сандықтау ауданына қарасты Красная поляна ауылы Бірлік, Арбузинка ауылы Ақкент, Петриковка ауылы Тұмар деп қайта аталады дейді ішкі саясат басқармасы.  

Бірлік ауылдық округінің әкімі Ансар Ибаев аталған Жол картасына сәйкес, округтің елді мекендерін қайта атау туралы бастама көтерген. 

Әкімнің айтуынша бүгінгі таңда Бірлік ауылдық округі тұрғындарының 98 пайызын шешендер құраса, 2 пайызы орыстардан тұрады. 

«Бірнеше ұрпақтың өмірі қазақ жерінде бастау алып, тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Қазақстанның жеріне, еліне деген сүйспеншілігімізді, алғысымызды, мейірімділігімізді сөзбен емес, іспен көрсеткіміз келеді» — дейді Ансар Ибаев. 

Ауылдарды қайта атау бойынша жақында өткен жиынға ауылдың құрметті ақсақалдары, тұрғындары мен округ жастарының өкілдері қатысып, ауылдарының атауын өзгертуді бірауыздан қолдаған. 

Жиналыста Петриковка және Арбузинка ауылының тұрғындары ауыл енді идеологияға сәйкес аталатынына және терең мағынаға ие болатынына өз алғыстарын білдірді.

«Туған ауылымызға ұлттық тұрғыдан үлкен мағына беретін, келешек ұрпақтың тәрбиесіне септігін тигізетін атауларды бергеніне ризамыз», — деп қуанышын білдірді ауыл тұрғын Жабраил Хучаев.

Айта кетейік, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды қайта атау бойынша берілген ұсыныстар мен құжаттар Облыстық ономастика комиссиясының және облыстық мәслихаттың жиналысында қаралып, тиісті тіркеулерден өткеннен кейін ауылдардың атауы ресми түрде өзгеретін болады. 

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...