АӘК төлемдерін тағайындау орталықтандырылған болады – С. Шәпкенов

Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындау кезінде бұзушылықтарды болдырмау мақсатында бұл процесс орталықтандырылған болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) 2021 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2022 жылға арналған жоспарлар бойынша кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Серік Шәпкенов мәлімдеді.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, Халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Серік Шәпкенов 2021 жылдың қорытындысы бойынша АӘК 198,4 мың отбасына (оның ішінде 990,5 мың адам) тағайындалғанын, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 7,4% — ға жоғары (184,6 мың отбасы немесе 936,2 мың адам) екенін хабарлады. АӘК төлеуге 65,6 млрд теңге бағытталды.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтама АӘК алатын отбасылардан шыққан 517,2 мың балаға берілді (оның ішінде 259,4 мың мектеп жасына дейінгі бала, 257,8 мың мектеп жасындағы бала). Кепілдік берілген әлеуметтік топтама төлеуге 20,5 млрд теңге қарастырылған.

АӘК алушылар санының өсуіне байланысты 2021 жылы Еңбекминінің қызметкерлері АӘК тағайындауға көшпелі мониторинг жүргізді, нәтижелері бойынша елдің жекелеген өңірлерінде бұзушылықтар анықталды, бұл көмек алушылардың өсуіне әкелді. Мысалы, Шымкентте 2021 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар санының өсуі 28,5% — ды құрайды, бұл ең жоғары өсім.

«Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілді. Болашақта мұндай фактілер қайталанбауы керек! АӘК тетігінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін биыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы төлемдерді орталықтандыру жұмыстары басталды», – деді Серік Шәпкенов.

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғыру мен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа қадам

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі...

Парламентские выборы в Казахстане: новый шаг на пути модернизации и лидерства в Центральной Азии

Предстоящие парламентские выборы станут закономерным этапом политических преобразований в...

Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент...

Псевдопохищение и драка за донаты: 9 стримеров наказали в Казахстане

Министерство внутренних дел Казахстана привлекло к административной ответственности девять...

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...