Ақиық ақын Мұқағалиға құрмет

Ағымдағы жылдың 17-ші ақпанында Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Заречный ауылындағы ЛА 155/8 түзеу мекемесі жанындағы кешкі (ауысымдық) мектепте қазақтың ұлы ақыны, аудармашы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Мақатаевтың​ туылғанына 91 жыл толуына орай​ «Поэзия, сен менімен егіз бе едің» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кешке аталған мектеп ұстаздары, білім алушылар және ЛА-155/8 түзеу мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Абай Ахметжанов пен әділет подполковнигі Анар Кайратқызы қатысты.

Поэзия сүйер қауымға  М.Мақатаевтың өмірбаяны жете  таныстырылып, өлеңдері мен әндері көпшілік назарына ұсынылды. Кеш барысында білім алушылар ақиық  ақынға арнап  өздері шығарған өлеңдерін оқыды.

Ақын шығармашылығының басты тақырыбы: Туған өлкесі —  қасиетті Хантәңірінің баурайы , Отаны, Анаға, өмірге деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаға құштарлық және лирикаға толы махаббат аясында болды.

Ақын қысқа ғұмырында жарқын поэтикалық із қалдырды.

Ақын мұрасы, сырлы сезімге толы жырлары — болашақ ұрпақтың мәңгілік еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.

Кеш соңында кешке қатысқан қонақтар, сондай-ақ ұстаздар мен білім алушылар сөз сөйлеп, кештен алған әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ мектеп директоры Ерік  Қожұмов поэзия кешіне арнайы келген қонақтар мен жалпы кешке қатысушыларға , әлбетте  кешті ұйымдастырғандардың барлығына алғысын білдіре отырып: М.Мақатаевтың өлеңдері адамгершілікке, отансүйгіштікке, адалдық мен мейірімділікке тәрбиелейтін құрал іспеттес,- деді.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...