spot_img
spot_img

Ақ боран облыс тұрғындарын әбігерге салды

Түркістан облысына жыл басы ерекше басталды. Біраз жылдан бері жаңа жылды ақ ұлпа қарсыз қарсы алуға үйренген облыс тұрғындары қоян жылын қарлы боранмен қарсы алды.

Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақ түтек боран басталды. Осы орайда азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ТО ПД-ның тиісті сала қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырылды. Облыс тұрғындары демалып жатқанда полиция қызметкерлері мен облыс әкімі демалмай жұмысқа кірісті. Табиғаттың тылсым күшінің салдарынан 100-ден аса көлік ақ боранның құрсауында қалып қойды. Сонымен қатар, бұрқасын боранның салдарынан ағаштар құлап, тұрғындарға кедергі келтірді.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды техногенді сипаттағы табиғат апатының салдарын жою бойынша барлық жауапты құрылымдардың басшыларын жинап, жиналыс өткізді. Облыс әкімі жағдайды баяндаған әкімдікке қарасты құрылымдар, төтенше жағдайлар департаменті, ішкі істер департаменті, «Оңтүстікжарық», Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Ауа-райының күрт өзгеріп, бұрқасын дауыл мен қатты қардың салдарынан Түркістан облысындағы бірнеше ауданның елді мекендері ішінара жарықсыз қалған еді. Соңғы мәлімет бойынша жағдай тұрақталды. Бәйдібек пен Созақ аудандарында электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Соңғы бір тәулікте қалыпқа келтіру жұмыстары күні-түні жүргізіліп жатыр. Оқиға орындарында жарық беруші компанияның бригадалары мен 50-ге жуық адам, 12 техника жұмылдырылған. Жиында сөз алған «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының басшылығы жағдай жақын арада тұрақталатынын жеткізді. Облыс әкімі тиісті басқарма басшыларына қажетті қосымша техниканы көмекке жіберуді тапсырды.

– Жауапты мекеме электр желілерін жөнге келтіру жұмыстарын күшейтсін. Тұрғындар жарықсыз отырмау керек. Жолдардың жабылуы кедергі болған ауылдарға күш салынсын. Адамдар жеткілікті болсын, ауылдарға қосымша техника жіберу қажет. Таң атып қалды, жылдам жұмысқа кірісіңіздер, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Табиғаттың тосын мінез танытуынан болған жағдайды облыс әкімі Дархан Сатыбалды өз бақылауына алған болатын. Облыс басшысының тапсырмасымен аудан әкімдері қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуда.

Түркістан облысында ауа-райы күрт өзгеруінен таулы аймақтарда желдің екпіні 30м/с асты. Қатты дауыл әлі де жалғасып, көктайғақ болады деген болжам бар. Әзірге облыстық маңызы бар 8 жол әлі де жабық. Қарлы боран салдарынан республикалық маңызы бар «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» бағытындағы тас жол да жабылды. Облыс аумағында жолдарды тазалау үшін барлығы 100-ден астам адам мен 100-ден астам техника жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар департаментінің бригадасы Бәйдібек, Созақ аудандарында қар құрсауында қалған жалпы 100-ге жуық адамды құтқарды. Оның ішінде ересектер де, балалар да бар. 5 жүк көлігі мен оннан астам жеңіл көлікті қар құрсауынан алып шықты. Авариялық-құтқару жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр.
Азаматтардың арыз-шағымдарын назарға алу үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеп тұр. Облыстық әкімдікке қарасты барлық құрылымдар күшейтілген жұмыс тәртібімен жұмыс істеуде.

Ал әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков: «Түннен бері облыстың басым аумақтарында қар аралас жаңбыр жауып, соңы қатты желге ұласты. Қар қалың түсті. Бірқатар жолдар жабылды. Атап айтсақ, «Шолаққорған–Шаян» жолындағы Таскөпірсай асуы, «Шолаққорған–Кентау» жолындағы Ащысай асуы, Бәйдібек ауданының «Қошқар ата-Жарықбас-Бірлік» автожолы, Төлеби ауданындағы «Көксәйек-Нысанбек» жолы және республикалық маңызы бар «Шымкент-Алматы» автожолының Машат-Жамбыл облысы шекарасы аумағы жабық.

Осыған байланысты әкімшілік полиция басқармасының бастығы облыс тұрғындарын аса қажет болмаса жолға шықпауға шақырды. Шыққан жағдайда көлікті дайындап, көп мөлшерде жанар-жағармаймен шығуды, көлікте қосымша сыртқы киімдер, азық-түлік алуды да ұсынды. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмауға кеңес берді.

Сонымен қатар, қар құрсауында қалып қойған 14 жолаушы құтқарылды. Төлеби ауданындағы Көксәйек-Нысанбек тас жолының 7-шақырымында 14 адам қар құрсауында қалып қойған. Оның ішінде 4 бала бар. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен полиция қызметкерлері жолаушыларды қауіпсіз жерге алып шығып, алғашқы көмек көрсетті. Сондай-ақ, қар ішінде қалып қойған 7 автокөлікті жол жиегіне алып шықты.

Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жолаушылар Көксәйек ауылындағы №16 Өрт сөндіру бекетіне жеткізілді. Қазіргі кезде «Оңтүстік жолдары» МКҚ-нің 3 қызметкері мен 2 техникасы жолдарды тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр, -деді Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы.

Тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген сақшылар қар құрсауында қалып қойған жүргізушілерге көмек беріп, алғысқа да бөленді.
Осындай көктайғақтың салдарынан Ақбиік ауылынан Т.Рысқұлов ауылы арасынан өтетін жол бойында «Киа Рио» маркалы автокөлігі жол жиегіне шығып кетеді. Көліктің жолдан шығып кеткенін қызмет атқарып жүрген Түлкібас аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары байқап қалады. Содан тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, автокөлік иесіне көмектеседі. Осылайша тәртіп сақшылары автокөлікті жол ортасына сүйреп шығарып, жүргізушінің алғысын алды.

Қар жауып, жолдың тайғақ болуы салдарынан жолдың шетіне шығып кеттім. Ал қасымнан өтіп бара жатқан қызметтік көліктегі полиция қызметкерлері бірден қолғабыс етті. Яғни көлігімді қауіпсіз жерге тартып шығарды. Алла разы болсын, еңбектеріңіз жана берсін!, — деді облыс тұрғыны.

Облыста күн суытуы жолдардың барлығында көліктердің жүруіне кедергі келтіруде. Осындай ауа райында азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Түркістан облысы ПД-нің тиісті сала қызметкерлері республикалық, 2 маңызы бар жолдарға жұмылдырылды. Осы тұста полицейлер, азаматтарды күн райының өзгеруін бақылап, ескерту хабарламаларын назарға алуға шақырады.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Трамп Қытаймен келіссөздерде ілгерілеушілік барын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ...

Между реформами и ограничениями

Свобода слова остается одной из важнейших тем в общественно-политической...

Сөз қадірі — өз қадіріміз!

Тіл — қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...