«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 500 атыраулық әйел ана атанды

Атырау облысында 2021–2025 жылдар аралығында «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) қызметін алған 500-ге жуық әйел ана бақытына кенелді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі нәтижесінде ЭКҰ арқылы босанған әйелдер саны тұрақты динамиканы көрсетті. Атап айтқанда, 2021 жылы – 154, 2022 жылы – 131, 2023 жылы – 98, 2024 жылы 84 әйел ана атанды.

⁃Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ процедурасынан өткен 44 әйелде жүктілік тіркелді. Қазір осы жылы бағдарламаға енгізілгендердің көпшілігі дәрігерлердің тұрақты бақылауымен емдеу мен оңалту кезеңінен өтуде. Бұл көрсеткіштер өңірде репродуктивті денсаулықты жүйелі қолдау, отбасы институтын нығайту және «Аңсаған сәби» бағдарламасын табысты іске асырудың нақты әрі жарқын нәтижесін айқын көрсетеді, — деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрай Махонова.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...