Ақылы жолдан түскен қаржы қайда жұмсалады? 

Қазақстанда ақылы жолдардан түсетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл қаражаттың қалай жұмсалатыны туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты , деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Иманашев сөзінше, 2025 жылы ақылы автожолдар арқылы 87 млрд теңге жиналған.

Ал 2026 жылға жоспар бойынша бұл көрсеткішті 97-100 млрд теңгеге дейін жеткізу көзделіп отыр,- деді ол.

Оның сөзінше, жиналған қаражаттың негізгі бөлігі жол сапасын жақсартуға бағытталады.

Атап айтқанда, қаржының шамамен 30%-ы жолдарды күтіп ұстауға жұмсалады. Бұған қар тазалау, жөндеу, қауіпсіздік шаралары және жол инфрақұрылымын қалыпты жағдайда ұстау жұмыстары кіреді,- деді ол.  

Сонымен қатар қаражаттың 10%-ға жуығы қызмет көрсету жүйесіне бағытталады. Оның ішінде жол бойындағы камералар, бақылау жүйелері және қызметкерлердің жұмысы қамтылған.

Ал негізгі үлесі арнайы техниканы жаңартуға жұмсалып отыр. Соңғы екі жыл ішінде 1 200-ден астам арнайы техника сатып алынған. Бұл жолдарды күтіп ұстау сапасын арттыруға мүмкіндік берді, — дейді Иманашев.

Оның пікірінше, 2026 жылға жоспар бойынша тағы 800 дана арнайы техника сатып алу көзделген.

ҚМДБ «әйелін шәкіртіне сыйға тартқан» имамға қатысты мәлімдеме жасады 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда резонанс тудырған «әйелін басқа ер адамға беруге болады» деген мазмұндағы пікірлерге қатысты мәлімдеме жасап, мұндай әрекеттердің шариғатқа қайшы екенін мәлімдеді.

Таяу Шығыстағы жағдай: Дубайға рейстер тағы тоқтатылды 

Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстері кемінде 2026 жылғы 19 мамырға дейін орындалмайды. Рейстерді тоқтату мерзімі тағы бір айға ұзартылды.

Депутаттар әскери ерлі-зайыптыларға берілетін төлемді қысқартуды ұсынды 

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” заң жобасы аясында бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған түзетулерді таныстырды.

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережесі өзгереді

1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі енгізіледі. Жаңа жүйе іріктеу процесін толыққанды цифрландырып, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Тегерандағы шабуылдардан ДДСҰ кеңсесіне зақым келді 

Иран астанасына жасалған шабуылдардан Тегерандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесі зақымдалды.