Ақтөбеде рэпер Qarakesek-ке сот үкімі шықты

Ақтөбеде танымал рэп орындаушы Qarakesek психотроп затты заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Омар Аманбаев (Qarakesek) сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілген. Соңғы сөзінде ол кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырмауды, емделуге мүмкіндік беруді сұраған. Ол айыппұл немесе қоғамдық жұмыс тағайындауды өтінген.

Оның сөзінше, төрт баланы тәрбиелеп отыр және мамандардың көмегіне мұқтаж.

«Сот оған 100 сағат қоғамдық жұмыс және есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі ем қабылдау жазасын тағайындады», — деді Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы Тұрсынхан Салықов.

Еске салайық, бұған дейін полиция танымал рэп орындаушы Qarakesek-ке қатысты есірткі сақтады деген күдікпен соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды. Ол қыркүйектің басында ұсталған болатын. Одан ұнтақ тәрізді заты бар зип пакет табылған.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.