АҚШ-пен тікелей әуе қатынасы ашылады: Елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізілмек 

АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев авиация, қорғаныс және ғарыш техникасын өндіретін Boeing трансұлттық корпорациясының атқарушы вице-президенті Джефф Шоккимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент отандық Air Astana, SCAT және Vietjet Qazaqstan әуе компаниялары авиация саласын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды одан әрі ілгерілетуге мүдделі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana мен Boeing арасында ұшақ жеткізу жөніндегі келісімге қол қойылғанын құптады. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын ашу мақсатында Boeing 787 Dreamliner ұшақтары елімізге жеткізіледі.

Сонымен қатар SCAT әуе компаниясы қосымша Boeing ұшақтарын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, америкалық корпорациямен серіктестік аясында Шымкент әуежайында техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

Джефф Шокки компанияның цифрландыру саласындағы жоспарларымен бөлісіп, Қазақстанның көлік-транзит әлеуетіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, әуе жүк тасымалы бағытында нәтижелі ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік мол.

Кездесу барысында авиация саласына мамандар даярлау және жүк тасымалдаушы ұшақтар паркін дамыту перспективалары да талқыланды.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.