АҚШ – Иран – Израиль арасындағы геосаяси дауыл: мұнай бағасы күрт өсті 

Мұнай бағасы дүйсенбі, 2 наурызда сауданы күрт өсіммен бастады. Нарық 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы және Ислам Республикасының жауап шабуылдары туралы жаңалықтарға реакция білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК-ге сілтеме жасай отырып.

Астана уақыты бойынша таңғы сағат 4:00-дегі сауда мәліметтеріне сәйкес, Лондонның ICE биржасында мамыр айындағы Brent шикі мұнай фьючерстерінің бағасы 13,04 пайызға өсіп, баррелі 82,37 долларға жетті.

Мұнайдың баррелі 82 доллардан жоғары соңғы сауда бір жылдан астам уақыт бұрын, 2025 жылдың 16 қаңтарында болған.

Кейінірек өсім 8,93 пайызға дейін баяулады, мұнай баррелі 79,38 долларды құрады.

ICE Futures биржасында Brent шикі мұнайының саудасы демалыс күндері өтпейді, сондықтан нарық бүгін Ирандағы оқиғаларға ғана реакция білдіруде.

Ормуз бұғазы ресми түрде жабылған жоқ, бірақ үш танкер зақымдалған. Сақтандырушылар сақтандыруды тоқтатып жатыр, ал мұнай компаниялары мен саудагерлері мұнай, отын және сұйытылған табиғи газ жеткізуді тоқтатты. Бұғаз арқылы тасымал 38-50 пайызға төмендеді.

Reuters агенттігінің MarineTraffic кемелерді бақылау платформасының деректеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, мұнай тасымалдаушыларды қоса алғанда, кем дегенде 150 танкер Парсы шығанағының ашық суларында, ал екінші жағында, Араб теңізінде зәкір тастап тұр.

Егер Ормуз бұғазы жабылса, бағалар 100 доллардан асып кетуі мүмкін деп санайды сарапшылар.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.