12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақмола облысында үш жылдық реновация бағдарламасы басталды: 2027 жылға дейін 90 мектеп жаңартылады

Ақмола облысында білім беру жүйесін жаңарту енді формальды іс емес, аймақтың басты басымдықтарының біріне айналды. Мұнда мектептер мен балабақшаларды жаңғырту жай жөндеу ғана емес, болашаққа – білім сапасына, балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығына салынған инвестиция ретінде қарастырылады.

2023 жылы облыс үшін өзекті болған үш ауысымды оқыту мәселесі шешімін тапқан еді. Сол жылы Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында 300 орындық жаңа мектеп, ал қарқынды дамып жатқан Қосшы қаласында 1200 оқушыға арналған заманауи оқу орны ашылды. Бұл жобалар жаңа мектеп – жай ғана ғимарат емес, ұстаздар мен оқушылар үшін жаңа мүмкіндік екенін көрсетті.

Білім басқармасының мәліметінше, қазір облыс бойынша 78 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 34 нысанда – 28 мектепте, екі балабақшада, қосымша білім беру ұйымында, колледж жатақханасында және Урюпинка ауылындағы «балабақша – мектеп – интернат» кешенінде күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл 34 нысанның 22-сі екі жылдық жобалармен қамтылған: 15-і биыл аяқталады, алтауы 2026 жылға өтеді. Қалған 13 нысан бір жылдық жоба аясында жөнделуде.

«Президент тапсырмасына сәйкес реновация бағдарламасына енгізілген мектептерге ерекше назар аударылып отыр. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан 28 мектептің 20-сы осы бағдарламаға енген. Облыста 2027 жылға дейін кешенді жөндеуді қажет ететін 90 білім беру мекемесін жаңарту бойынша үш жылдық жоспар бекітілді. Жөндеу жұмыстарының кестесі жылдарға бөлінген: 2025 жылы – 20 мектеп, 2026 жылы – 29, ал 2027 жылы – 41 мектеп жаңартылады», – деді басқарма өкілдері.

Бағдарламаның алғашқы нәтижелері де көріне бастады. Мәселен, Сандықтау ауданы Белгородское ауылындағы мектептің шатыры мен терезелері жөнделді, ал Жарқайың ауданы Костычево ауылында «Айгөлек» шағын орталығы толық жаңартылды. Қалған нысандарда мердігерлер жұмысын жалғастыруда.

Бұл  аймақ үшін бір реттік науқан емес, жүйелі жұмыс. Жаңартылған кабинеттер, заманауи сыныптар мен жайлы ғимараттар – Ақмола облысының оқушылары үшін қалыпты жағдайға айналады. Мектептерді жаңғырту – есеп үшін ғана емес, жаңарған қабырғаларда өтетін әрбір сабақта өз жемісін беретін ұзақмерзімді инвестиция.

Ас тұзы — ақ у!

Ас тұзы (натрий хлориді, NaCl; натрий хлориді, тас тұзы,...

Мемлекеттік қызметшілер әдебі – қоғам сенімінің алтын арқауы

Мемлекеттік биліктің беделі мен қоғамның сенімі ең алдымен мемлекеттік...

В Алматы правозащитники и юристы поддержали поправки по запрету ЛГБТ-пропаганды

В Алматы состоялась конференция в поддержку поправок о запрете...

В Алматинской области успешно удалили редкую феохромоцитому

В Карасайской клинической многопрофильной центральной районной больнице успешно проведено...

Десять золотых правил здорового питания

ЗДОРОВОЕ ПИТАНИЕ – ЭТО НЕ СТРОГАЯ ДИЕТА, НЕ ВРЕМЕННЫЙ...