Қызылорда қалалық пробация қызметкерлері қан тапсырды

Донор болу арқылы – Сіз біреудің өмірінің құтқарылуына себеп бола аласыз! Қан құйылуын күтіп жатқан науқастардың өмірін сақтап қалу үшін, адамның өз қанын сырқатқа ерікті түрде беруі – адамгершіліктің бір белгісі әрі сауапқа саналатын ізгі қадам екендігі сөзсіз.Сауапты іске Қызылорда қалалық пробация қызметкерлері тұрақты түрде қатысады.Бүгін де уақыт тауып келген пробация қызметкерлері қайырымдылық жасап қан тапсырды. Алдымен олар медициналық тексерістен өтіп, сауалнамалар толтырды.
-Адам болғаннан кейін мұқтаж жандарға көмек қолын созу – азаматтық міндетіміз. Бір тамшы қанның өзі адам өмірін құтқарып қала алады. Сондай-ақ қанның жаңаруына, жүрек қан тамыры жүйесі мен ішкі органдар жұмысының жақсаруына әсер етеді. Қауіп деген аяқ астында. Көмек қолын созу – кісіліктің белгісі. Біз өзгенің өміріне бейжай қарамай қызметкерлермен бірге қан тапсыруға келдік» — деді пробация қызметіне басшылық жасау тобының бас маманы әділет майоры Ғаламат Құлманов.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...