Консультативтік – кеңесші органның отырысы өткізілді

Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық – құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай – ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзгеде көмекті ұйымдастыру бойынша консультативтік – кеңесші органның ағымдағы жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарын қорытындылау үшін 29 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары З.Мажитованың төрағалығымен отырыс өткізілді.
Күн тәртібінде №1, №2 пробация қызметтерінің аға инспекторлары С.Байдуллин мен Е.Адиетов пробация қызметінде есепте тұрған азаматтармен атқарылған жұмыстары, әлеуметтік-психологиялық көмектері бойынша тоқталып өтсе, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Э.Сармалаева олардың жұмыспен қамтылу мәселесі, белгіленген квотаның орындалу көрсеткішін баяндады.
Комиссия төрағасы тарапынан бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру, сондай-ақ қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге ықпал ететін тиімді жағдайларды жасау, олардың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...