Ақтөбе облысында жаза өтеу шарттарын бұзған пробация есебіндегі сотталған бас бостандығынан айырылды

Дүкеннен ішімдік ұрлап, 100 сағаттық мәжбүрлі қоғамдық жұмысты атқару жазасы тағайындалған Хромтау ауданының тұрғыны 2022 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Хромтау аудандық пробация қызметіне есепке алынды.

Есепке алынған күннен бастап, пробация қызметкерлері сотталған Т.- ға қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаның өтеу тәртібін түсіндіреді. Сонымен қатар, сот жүктеген міндеттер мен мәжбүрлі қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу тәртібінің шарттарын қаскөйлікпен бұзу- сот тағайындаған қоғамдық жұмыстардың орындалмаған 4 сағаты үшін бір тәулігі есебімен қамаққа алу түріндегі жазамен ауыстырылатыны жөнінде ескертіп, сотталған азаматтан жазбаша қолхаттар мен түсініктемелер алынады.

Алайда сотталған Т. 100 сағат қоғамдық жұмыстың 8 сағатын ғана өтеп, қалған сағаттарды атқаруға шықпай қояды. Профилактикалық әңгімелесу кезінде сотталған жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғанын мойындап, қоғамдық жұмыстарды атқаруға шықпауын ішімдікке салынуымен түсіндіреді.

Пробация қызметкерлерінің айтуынша, есепте тұрған сотталған есепке алынған уақытта маскүнемдіктен мәжбүрлі емдеу шарасы бойынша тұрғылықты жері бойынша емдеу шарасы тағайындалып, сотталған Ақтөбе қаласындағы облыстық психикалық денсаулық орталығында маскүнемдіктен ем алған. Бірақ емделу барысында сотталған Т., өзін жағымсыз мінездемесімен көрініп, емдеу шараларының оң әсер бермейтіндігін, яғни ішімдік ішуге құмарлығы басылмай, пробация қызметкерлері тарапынан бірнеше мәрте ескерту алса да қайта қылмыс жасауға ықтималдығын дәлелдейді.

Хромтау аудандық пробация қызметі аталғанға байланысты сотталған Т.-ға қатысты қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын қамаққа алу түріндегі жазасына ауыстыру туралы тиісті ұсынысты Хромтау аудандық сотына жолдады. Аудандық сотпен ұсыныс қанағаттандырылып, сотталған Т.- ның қоғамдық жұмыстарға тарту жазасының өтелмеген қалған бөлігі, яғни 100 сағаттық мәжбүрлі қоғамдық жұмыстың қалған 92 сағаты 23 тәулікке бас бостандығын айыру жазасына ауыстырылды.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...