ҚАЖ қызметкерлері арасында тренинг өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жеке құрам қызметкерлері арасында мекеме психологымен тұрақты түрде профилактикалық шаралар өткізіліп тұрады.
Мекеменің кадр саясаты тобының қызметкерлері жеке құрам қызметкерлерінің отбасы тұрмысы жағдайымен , олардың материалдық жағдайларымен танысып, профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Бүгін мекеме психологы әділет аға лейтенанты Замира Бостанова жеке құрамы алдында дәріс оқып, тренинг-әңгіме жүргізді. Бұл тренингтің басты мақсаты, қызметкерлер бірін-бірі бағалай білуге, жағымды қарым-қатынас орнатуға және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Тренинг барысында психолог Замира Бостанова қызметкерлердің кәсіби-психологиялық даярлығы және жеке құрамның кәсіби қызметін психологиялық қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізіп, жан-жақты кеңестер берді.
Сондай-ақ қызметкерлер бірін-бірі бағалай білуге, жағымды қарым-қатынас орнатуға және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталу мақсатындағы тренингте қызметкерлерге «Өрмекші торы», «Ақ парақ», «Жартастан өту», «Шырмауық» жаттығулары жүргізілді.

  • Тренинг барысында қызметкерлер өздерінің жеке басының қасиеттерін тани білді. Бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатып, терең танысып, бір-біріне қолдау көрсетті. Қызметкерлер треннинг соңында өздерін жеңіл сезініп, жақсы көтеріңкі көңіл күймен ұйымдастырушылыққа, қарамағындағылармен өзіне сенім білдірген адамдарға жауапкершілікпен қарап, ұжымда өзара бірігіп жұмыс жасай білуді үйренді. Алдағы уақыттада осында тренингтер жиі өткізілетін болады деді»,- психолог маман Замира Бостанова.
    Дана Достанова
    Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...