Тыйым салынған заттың мекеме аумағына енуінің алдын алу жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің аумағына тыйым салынған заттардың негізгі қоршауды асыра лақтыру арқылы ену жолдарын болдырмау мақсатында мекеменің жедел бөлім қызметкерлері, Қызылорда қалалық ЖПҚ-нің патрульдік полиция инспекторлары және №5547 ҰҰ әскери бөлімімен бірлесіп аралау жұмыстары жүргізілді.


«Мекеме аумағына тыйым салынған заттың енуінің алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Аталған оқиғаның орын алмауы біздің жіті қадағалауымызда. Тыйым салынған заттың мекеме аумағына ену дерегі тіркелген жағдайда тиісті шара қолданылады» — деді мекеменің жедел бөлім өкілі Ақерке Темірбекқызы.
Аралау жұмыстары кезінде ешқандай дерек тіркелмеді.


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...