Мәдени шара өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет орталығы мәдениет бөлімінің өнерпаздары жазасын өтеушілерге мәдени шара өтті. Шара барысында жыршы, термеші, әншілер өз өнерін көрсетіп, жазасын өтеуші азаматтарға жақсы көңіл-күй сыйлады.

Келген өнерпаздардың айтуынша, бұл шараның тәрбиесі мол. «Біздің бұл іс-шарамыз мекеме әкімшілігінің ұсынысымен жазасын өтеуші азаматтарды қоғамнан тыс қалдырмай, бостандыққа шыққанда жаңа өмір бастауына зор үлесі тиер деген оймен ұйымдастырылып отыр. Өнерпаздан көңілге ой салар әсем ән мен тәтті күйлерін орындап, жырдан шашу шашып, рухани азық беруде», — деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Алтынбек Тұрарбекұлы.Тағылымды іс-шараға қатысқандар өнер иелеріне өз алғысын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...