Кезекші бөлімнің жұмысы нақты қандай да бір көрсеткішпен құралмайды. Себебі, кезекші бөлім қызметі бүкіл бір мекеменің жұмысын тәулік бойына қадағалап, ақпараттарды жинап- жеткізіп отыратындықтан, кезекшілікке түскен қызметкерлердің сапалы жұмысты ұйымдастыруына байланысты жеке құрамның іс- қимылының көрсеткіші көрінеді…
Барлық құқық қорғау орындары секілді Ақтөбе облысының Қылмыстық- атқару жүйесі Департаменті жұмысты кезекші бөлімнен бастайды. Бұл орайда, Департаменттің Бақылау-өткізу пунктінің (КПП) де мекеме қауіпсіздігі үшін маңызы зор екендігін де айта кеткен жөн. Өйткені, жалпы мекеме аумағына кіріп- шығатын адамдар және көліктер осы Бақылау-өткізу пунктімен тексеріліп, қауіпсіздікті сыртқы аумақтан күшейтеді.
Ақтөбе облысының Қылмыстық- атқару жүйесі Департаментінің кезекші бөлімінде: әділет майоры Мадияр Мусабаев, әділет майоры Азамат Нұртазин және әділет подполковнигі Нұржан Жидеханов, сондай- ақ бақылау- өткізу пунктіндегі кезекшінің көмекшілері –әділет сатршинасы Дастан Қарасаев, әділет старшинасы Айбек Оразалин және әділет сержанты Аршат Қалниязовтар абыройлы қызмет етіп келеді.
«Кезекші бөлімнің мақсаты – ҚАЖ Департаменті және оған қарасты түзеу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру, қандай да бір жағдай орын алған уақытта ол туралы ақпараттың толық жиналуына бағыт беру, сондай- ақ жинақталған ақпараттарды ҚАЖД басшы құрамына және ҚР ІІМ ҚАЖ комитетіне дер кезінде ұсыну, жедел топтық іс- қимылдарды және жеке құрамның дабыл бойынша жиналуын ұйымдастырып отыру.
Біздің іс- әрекетіміз келіп түскен ақпарат бойынша жасалатындықтан, бұл орайда түзеу мекемелеріндегі кезекші бөлімдердің дер кезінде дұрыс шешім қабылдауы өте маңызды»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша КАЖ Департаментінің кезекші бөлімінің аға инспекторы әділет майоры Мадияр Мусабаев.
Кезекші бөлімдегі қызметкерлердің жұмыс уақыты таңғы 7.30-да басталып, тәулік бойы алмасып жатады.
«Қызметке түскеннен уақыттың қалай тез өте шыққанын байқамай да қаламыз. Себебі дамылсыз қоңыраулар, ақпарат алмасулар, аумақтың тыныштығын бақылау – осының барлығы біздің назарымыздан тыс қалмауы тиіс.
Жалпы, жедел жағдай жөнінде толыққанды ақпарат жинақтаумен қатар, тәулік бойы түзеу мекемелеріндегі барлық тұрмыс- тіршіліктің тынысын зерделеп, хабар алмасып отыру, сондай- ақ мекеме аумағынан тыс ауруханада ем қабылдап жатқан сотталғандардың айдауылдау қызметінің дұрыс жолға қойылуы мен айдауылдау қызметін қадағалаушылардың жұмыстарының тиянақты атқарылуын және тәулік бойына кездейсоқ белгіленбеген уақытта тексеру жұмыстарының да ұйымдастырылуы осы кезекші бөлім қызметкерлерінің бақылауында.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы,
Фотолар автордыкі


