Дауды сотта медиациялық рәсім тәртібімен аяқтау

Бүгінгі таңда қоғамның кез-келген саласында, оның ішінде сот жүйеінде
түрлі реформалар мен жаңашылдықтар жасалынып, халық игілігі үшін
қызмет атқаруда. Олардың қатарында соттағы татуласу рәсімдері де бар.
Татуласу – тараптар арасындағы дауды бітігершілік арқылы шешу.
Татуластыру рәсімі оңтайлы шешімді дараландыруға және тараптарды
қанағаттанарлық ортақ келісімге бағыттауға тырысады. Татуластыру
рәсімінде судья дауды іс жүзінде шешуде салыстырмалы түрде тікелей рөл
атқарады және реттеу туралы ұсыныстар ұсына отырып, тіпті тараптарға
кейбір шешімдер бойынша кеңес береді. Өз кезегінде тараптар ең жақсы
шешім қабылдауға ниет білдіреді.

Бітімгершілік рәсімін жүргізген кезде тараптарға қарағанда, көп
жағдайда судья реттеу шарттарын әзірлейді және ұсынады. Яғни
тараптардың дауды бітіммен аяқтауына тікелей ат салысады.
Ал дауды (жанжалды) медиациялық рәсім тәртібімен қараған
жағдайда медиатордың жасаған келісімін сот бекітеді немесе судьялар
медиатордың рөлін атқарады. Бұл жер сот «Медиация туралы» Заңның
талаптарын басшылыққа алады.
Медиацияның артықшылығы – тараптардың өз жеке мүдделерін
пайымдауы мен білдіруін жеңілдету, сондай-ақ оларды өздерінің ыңғайлы
шешіміне – әділ, берік және орындалатын қолайлы жалпы шешімге
бағыттау болып табылады. Тараптар медиаторға өзінің ең қолайлы шешімін
іздеуде көмек сұрап жүгінеді.
Дауды медиациялық рәсім тәртібімен аяқтауда келісімді жасауға
медиатор мен судьяның қатысуында өз ерекшеліктері бар.
Медиатор – осы Заңның талаптарына сәйкес кәсіби немесе қоғамдық
негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға.
Кәсіби медиаторлар медиацияны ақылы да, тегін негізде де жүзеге асырады.
Ал судья медиатор ретінде істі қараған жағдайда барлық ресім міндетті түрде
тегін жүргізіледі.
Сонымен қатар медиацияға қатысушылардың өздеріне медиация
барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген медиация
тарапының жазбаша рұқсатынсыз жария етуге құқылы емес. Сондай-ақ
медиацияға қатысушының өзіне медиация барысында белгілі болған
мәліметтерді осы ақпаратты берген медиация тарапының рұқсатынсыз
жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
жауаптылыққа әкеп соғады.
Жалпы соттағы татуласу рәсімдері барлық іскерлік қатынастарды
сақтауға және екі тарап арасындағы жоғалған бұрыңғы байланысты қалпына
келтіруге бағытталған. Сондықтан дауды бітіммен аяқтаудан өзге
артықшылық жоқ екендігін ұғынған жөн.

А.Әбілқайысқызы
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының судьясы

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...