СҚО бойынша ҚАЖД Қызылжар ауданының пробация қызметі
бөлімінің қызметкерлері есепте тұрған 8 сотталғанға арналған «№66 мекеме»
РММ-ге экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсияны бастай отырып, есепте тұрғандарды мекеменің тар
дәліздері бойынша бірінші кезекте асханаға жүргізді, тергеу кабинеттері,
сотталғандардың камералары және серуендеу ауласы көрсетілді. Бұл іс-шара
қайталанба қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында
өткізілді.
«Ағымдағы жылдың басынан бастап Қызылжар ауданының пробация
қызметі бөлімі жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін бас
бостандығын шектеу түріндегі жазаны айырумен ауыстыруға 6 материал
жіберді, олардың барлығы қанағаттандырылды», — деп атап өтті аға
инспектор Ольга Григорьева.


