Қызылордада жазасын өтеушілер арасында « Әзіл-қалжың және байыпты карикатура» тақырыбында сурет байқауы өтті

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында №37, №60, №68 мекемелерде жазасын өтеушілердің арасында өткізілген сурет байқауының соңғы кезеңі өтіп, жеңімпаздар анықталды.
Бұған дейін әр мекемедегі сотталғандар арасында « Әзіл-қалжың және байыпты карикатура» тақырыбында сурет байқауы өткізілген болатын. Әр мекемеден байқауға іріктелген мазмұнды суреттер жинақталып, ҚАЖ департаментінде сала мамандардың қатысуымен байқау жеңімпазы анықталды.

Шараның мақсаты- жаза мерзімін өтеушілерге көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау, оларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбелеу.
-Күлкі күніне орай ұйымдастырылған шараға мекемедегі жазасын өтеушілер белсенділік танытты. «Күлкінің төресі — кез келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатын шынайы күлкі. Күлкі күні қарсаңда өткізілген шарада аз уақыт ішінде еңбектенген сотталғандар әр түрлі сурет салды. Бірі суреті арқылы дүниедегі әділетсіздікті көрсетсе, сыбайлас жемқорлықтың соңы жақсылыққа апармайтынын бейнелеген. Қазылар алқасы терең ойға жетелейтін суреттерге әділ шешім шығарды. Байқау қорытындысымен І орынды №60 мекемесінде жазасын өтеуші Д.есімді сотталған жеңіп алса, ІІ және ІІІ орынды №37, №68 мекемесінен қатысқан сотталғандар өзара бөлісті.Жеңімпаздар Алғысхаттармен марапатталатын болады»,- деді әділет подполковнигі Серік Сейдахметов.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...