Наурыз мейрамы-ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы

Жаңа жылды қазақ халқымыз бұл күнді -«Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше дәріптеген.Атадан қалған дәстүр бойынша Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті «15 мекеме» Республикалық мемелекеттік мекемесінде Наурыз мейрамын елеусіз қалдырмай, ұжым арасында ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында мерекелік шара ұйымдастырды.

Қызметкерлер арасында мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдарымыз дайындалды. Мекеме басшылары ұлттық жаңа жылымызбен барша қызметкерлерді құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.Мерекелік дастарханнан кейін қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу мақсатында арқан тартыс, гір көтеру, қол күрес сынды спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Мекемедегі әр бөлімнен командалар құрылып өз мықтылықтарын дәлелдеді. Атап айтқанда, сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлім қызметкерлері топтық бәсекеде жеңіске жетіп жақсы нәтиже көрсетті. Осылайша, ұлтымыз ұлықтаған Наурыз мерекеміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапсын деген ниетте Наурыз мерекесі жоғары деңгейде тойланды.

Р.С.Кадыржанов, Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті #15 мекемесінің кадр саясаты тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлық жөніндегі
аға инспектор
әділет капитаны

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...