Мұнай мен газға,уран мен көмірге бай Қазақстанның әлем елдерінің алдыңғы легінде «жасыл» экономикаға көңіл бөлуі қазіргі таңдағы ең ауқымды шарасы.Жалпы біздің қоғам үшін «жасыл» экономика түсінігі-табиғатты сауықтыру, жаңа технологиялардың негізінде табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған экожүйенің өзіндік түрі.Дегенмен,жасыл экономика-бұл табиғи қорларды тиімді пайдаланудың есебінен қоғамның әл ауқатын сақтауға бағытталған,сондай-ақ пайдаланылған өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. « Рио + 20» cаммитінен қоғамның күші жасыл экономикаға ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталды. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «жасыл» экономикаға ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада бірінші кезекте басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалау»ға бағытталған басты міндеттер тізбесі ұсынылды.
«Жасыл» экономикаға ауысу аясында:
- қорлардың тиімділігін арттыру;
- елдегі инфрақұрылымды жетілдіру;
- халықтың әл-ауқатын жақсарту туралы болжам жасалды.
Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:
- бірінші кезең-2013-2020 жж.-қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігін арттыру,сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру.
- екінші кезең-2020-2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану жоғарғы технологиялар базасында жаңартылған энергетиканы енгізу.
- ұшінші кезең-2030-2050 жж. –олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған,ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.
«Жасыл экономика» идеясын жалғастырып келе жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы көгалдандыру мен қоршаған ортаны қорғау ісіне зор көңіл бөледі. Өз сөзінде Президент экономикалық өсімнің «жасылдана» түсуін қадағалау маңызды екенін айтып келеді.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқандығы еліміздің экономикасының жақсаруына елеулі үлес қосуда. Әрине, шағын жарияланым аясында заңнамадағы болған «жасыл» өзгерістердің барлығын санамалап шығу мүмкін емес. Соңғы жылдары жасалынған заңнамалық жаңартулардың ең жарқын үлгілеріне ғана тоқталып өтеміз:
-Электр шығарудың жалпы көлеміндегі қалпына келтірілетін энергия көздері өндіретін энергия үлесінің мақсатты көрсеткіштері енгізілді;
-Қазақстанда таза экологиялық автокөлік құралдары мен оның компоненттерін өндіру мен импорттауды ынталандыру;
-Бұрын болмаған «су тұтынудың үлестік нормасы» ұғымын (су ресурстарын тиімді пайдалануды бақылаудың құралы) енгізу; «су шығынын есепке алуды, тасымалдаушы желілер мен тұтыну нүктелеріндегі су шығыны мен су объектілерінен су алу көлемін қысқарту мүмкіндігін есепке алуды ұйымдастыруды» жыл сайын сараптау бойынша талап енгізілді.
-Қазақстанда таза экологиялық автокөлік құралдары мен оның компоненттерін өндіру мен импорттауды ынталандыру секілді ауыз толтырып айтарлық жағымды жаңалықтары көп,еліміз үшін пайдалы тұсы көп тұжырымдама нәтижесі көңілге қуаныш ұялатады.
Байдельдинов Д.Л
Әл-фараби атындағы заң факультетінің деканы
Амангельдиев Ж.Е
заң факультетінің магистранты