Полицейлер шекарадан өтпекші болған шетелдіктің жүк көлігінен гашиш тапты

Түркістан облысының полицейлері «Ғасыр дерті» саналған нашақорлықты жою, есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы бағытта күні-түні қызметте жүретін тәртіп сақшылары есірткіні сату, сақтау, өткізу, тасымалдау сынды қылмыс түрлерін анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуда.

Мәселен Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Қазығұрт» шекара бақылап-өткізу бекеті қызметкерлерінен «Понита» атты иттің шекарадан өтпекші болған ер адамның көлігіне белгі бергені хабарланады. Ақпарат бойынша оқиға орнына шыққан полицейлер, заңмен тыйым салынған затты анықтады.

Нақтырақ айтсақ, Өзбекстаннан Қазақстанға «VOLVO» маркалы жүк көлігімен өтпекші болған шетелдіктің көлігін тексеру барысында, күмәнді зат табылды. Яғни ер адамның көлікте тұрған күртешесінің қалтасынан есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысы алынған есірткінің «гашиш» екенін растады.

Аталған жайтты сарыағаштық полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеді. Күдікті өзбекстандық бұрын сотты болғаны анықталды. Қазіргі таңда сезікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...