Сейсмологтар елімізде жер сілкінісін тіркеді

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9.9.

Магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 536 шақырым жерде, Қытай аумағында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 26 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 21:01-де болған. Қазақстан аумағындағы жер асты ауытқулары сезілмеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9.9.
MPV магнитудасы — 4,3.
Тереңдігі — 20 км.
Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.

21 және 23 наурызда Шымкент тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезінді. Алайда қала тұрғындары бұл туралы алдын ала ескерту алған жоқ. Оның себебін қалалық ТЖД айтып берді.

Қазақстанда жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері ғылыми деңгейде талқыланды

Алматы қаласында Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің базасында «Қазақстан...

Қылмыстық істерді медиация тәртібімен реттеу

         Қазақстан Республикасының заңнамаларының нормаларымен көзделген жағдайларда қылмыстық іс бойынша...

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Конституция – мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі, ел дамуының стратегиялық...