Полицейлер табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 120-дан астам тұрғынға шара көрді


Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, 120-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық пен 1 экологиялық қылмысты анықтады. Браконьерлерден 11 тіркелмеген аңшы мылтығы, 8 балық аулауға арналған шанышқы, 3 ау-тор, қайық және 90 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді. Мәселен Келес ауданының полицейлері Сырдария өзенінде заңсыз балық аулаумен айналысқан браконьерді ұстады. Ер адамнан балық аулау торлары мен 70 келі балық тәркіленді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұдан бөлек жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 60 тұрғын, ал балық шаруашылығы саласында 50 тұрғын құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 10 бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 1 тұрғын ағаштарды заңсыз кескені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 381-бабы бойынша жауапқа тартылды. Естеріңізге сала кетсек, «Браконьер» іс-шара өңірдегі браконьерліктің, заңсыз аң аулаудың, балық аулаудың және табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу және жолын кесу мақсатында өткізілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...