«Алғыс айту» күніне орай іс-шара өтті

Абай облысы ҚАЖД №20 мекемесінде Шіркеу мен Мешіт өкілдері бірлесе отырып, сотталғандармен 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай іс-шара өткізді.

Өткізілген іс-шараға қалалық акимат өкілі мен дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары және  орталық мешіт имамы, шіркеу қызметкері қатысты.

Сотталғандарға  «Менің Қазақстаным» тақырыбында тәрбиелік маңызы зор бейне жазабалар көрсетілді. Сондай-ақ  жазықсыз жапа шеккен Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагеріндегі ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастарының тағдырларынан естеліктер айтылып, қиын-қыстау заманда қарапайым қазақ халқынының көрсеткен жақсылықтары үшін алғыстары жайында мысалдар келтіріп өтті.

«Ақмола лагерінің тұтқындарының бірі Гертурд Платайстің естелігінен үзінді келтіре кеткім келеді.  Шаршап-қалжыраған тұтқын айелдерге  қарапайым ауыл тұрғындарының балалары тас лақтырады, балалардың бұл ісіне кейіген тұтқын айелдер кейінен лақтырған тас емес құрт болғанын түсінеді.  Сондай-ақ  қойшылар бұта-бұтаның түбіне кейде нан, кейде ет тастап, әйелдерге белгі беріп отырғаны жайлы, саяси қуғын-сүргіннің құрбандарының қазақ халқына деген алығыстары жайлы айтылды»,-  деді дін мәселесін зерттеу орталығының кызметкері.

«Шіркеу мен Мешіт өкілдеріне бүгінгі күн үшін үлкен алғыс білдіргім келеді. Бүгінгі іс-шара өте қызықты, танымды өтті. Әсіресе жазықсыздан-жазықсыз жапа шеккен әйелдер тағдырынан келтірілген мысалдар, оларға қарапайым қазақ халқының жасаған жақсылықтары жайлы айтылған мысалдары өте әсерлі болды, тіпті осы оқиғаға байланысты «Құрт – қымбат тас» деген өлеңніңде бар екенін білдік», -деді сотталған А.

Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі профилактикалық іс-шаралар жүргізді

2026 жылғы 6-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Жамбыл облысы...

Қордай аудандық пробация қызмет рейдтік іс-шаралар жүргізілуде

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Қордай аудандық пробация қызметі, ағымдағы...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу – қоғам талабы

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басым...