17.02.2023 жылы Алматы қаласы Алатау аудандық соты мен Прокуратурасы және Алматы қаласы Алатау аудандық пробация қызметімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді.
Алматы қаласы Алатау аудандық пробация қызметінде есепте тұратын сотталғандарды әлуметке қосу шараларын одан әрі жетілдіру, олармен жасалатын жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтарды азайту мақсатында алдын-алау іс-шараларын жүргізу мәселесі қаралды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметіне есепке келіп тұратын сотталғандармен профилактикалық сұхбат жүргізіп олармен қайта қылмыс жасамаудың тұрғысынан тексеруді қамтамассыз ету. ҚАЖД және ПД және аумақтық пробация қызметінің кезекші бөлімдерінің ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимылдарды жақсарту жөнінде ұйымдастырушылық-практикалық шаралар жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.
Алматы қаласы Алатау аудандық
ПҚБ аға инспекторы
әділет капитаны
Жұмағожаев Еркебұлан Нұрсейтович


