ӘРПК аясындағы медиация: заң мен келісім үндестігі

Құқықтық мемлекетте кез келген даудың шешімі әділдік пен заңдылыққа негізделуі тиіс. Азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында туындайтын дауларды шешудің тиімді жолдарының бірі- медиация. Оның мақсаты – тараптарға дауды өзара келісім арқылы шешуге көмектесу.

Қазіргі қоғамда медиацияны дамыту бірнеше маңызды міндетті шешуге ықпал етеді. Біріншіден, ол азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды өзара түсіністік негізінде реттеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, дауды ұзаққа созбай шешуге, уақыт пен материалдық шығындарды азайтуға көмектеседі. Үшіншіден, тараптардың бір-біріне деген сенімін арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 120-бабында татуластыру рәсімдері қарастырылған. Аталған бапқа сәйкес, заңда белгіленген талаптарды сақтай отырып, тараптар татуласу,  медиация немесе партисипативтік рәсім арқылы әкімшілік істі толықтай не ішінара аяқтай алады. Ал 121-бап сотта медиация жүргізу тәртібін реттейді.

Сот тәжірибесінде дауды заңға сәйкес шешумен қатар, тараптардың өзара келісімге келуіне мүмкіндік беру де маңызды. Соттағы медиация барасында судья тараптардың ұстанымдарын тыңдап, өзара келісімге келу мүмкіндігін қарастыруға ықпал етеді. Бұл ретте татуласу ерікті түрде жүзеге асырылуы керек. Судья тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын ескереді.

Осы тұрғыда сот тәжірибесіндегі бір істі мысал ретінде қарастыруға болады. Сот тәжірибесінде еңбек құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етумен қатар, заңдылық қағидатын сақтау және жұмыс берушінің құқықтарын ескеру қажет болатын істердің маңызы ерекше.

Осындай істердің бірі экологиялық қолайсыз жағдайларда жұмыс істегені үшін қызметкерлерге жалақысына 20% мөлшерінде үстемеақы төлеуге қатысты болды.

Еңбек инспекциясы жүргізген тексеру нәтижесінде тиісті сомаларды, жалпы мөлшері шамамен 1 млрд теңгені құрайтын, төлеу туралы нұсқама шығарылған. Сонымен қатар тараптар есептеулердің негізділігі мен жүргізілген есеп-қисаптардың дұрыстығына қатысты дау туындаған.

Осындай жағдайда сот талқылауы ұсынылған уәждерге құқықтық баға беруді ғана емес, сонымен қатар жұмысшының еңбек құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ете отырып, жұмыс берушінің заңды мүдделерін сақтауға мүмкіндік беретін шешім іздеуді талап етті.

Істі қарау барысында сот тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндігін ұсынды. Нәтижесінде тараптар өзара қолайлы келісімге келді.

Осылайша, медиация тараптарға еңбек құқықтарын қалпына келтіруге және туындаған келіспеушіліктерді жұмыс берушінің заңды мүдделерін ескере отырып реттеуге бағытталған ортақ шешімге келуге мүмкіндік берді.

Әрине, бұл- сот  тәжірибесіндегі көптеген істердің бірі ғана. Ал осындай мысалдар аз емес.

Бұл жағдай сот төрелігі дауды шешумен ғана шектелмейтінін, сонымен қатар азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқықтық қатынастардың барлық қатысушылары үшін құқықтық айқындылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заңды әрі теңгерімді шешім іздеудің маңызды екенін көрсетеді.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы

Қ.А.Қувандикова

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық:  сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

Основа дорожного движения

ИНТЕРНЕТ ИЗМЕНИЛ ПОЧТИ ВСЕ СФЕРЫ НАШЕЙ ЖИЗНИ, И АЗАРТНЫЕ...

Грани взаимодействия

День профсоюзов Казахстана – это праздник, призванный укрепить позиции...

Бунт у школьных ворот: когда подростковый протест становится делом полиции

Французские лицеисты справедливо требуют лучших условий обучения. Власти отвечают...