12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ТАҢДАУ ЖАСАУДА ҚАТЕЛЕСПЕЙІК!

Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу 20 қаңтарда басталып, 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де аяқталады. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де аяқталды. Мәжіліс депутаттарының 70 % және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының жартысы партиялық тізім бойынша сайланады. Олардың құқығы саяси партияларға тиесілі. Мәжіліс депутаттарының 30 пайызы және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының барлық депутаттары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Оларды ұсыну құқығы: саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ, жарғыда тиісті өкілеттік көзделген жағдайда олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) тиесілі азаматтар өзін-өзі ұсыну.

Саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен, олардың құрылымдық бөлімшелерінен (филиалдары мен өкілдіктерінен) кандидат, сондай-ақ өзін-өзі ұсынушы сайлау туралы заңның 89-бабының 4-1-тармағында белгіленген құжаттар болған кезде тіркеледі.

ҚОЛДАУШЫСЫ КӨП ҮМІТКЕРДІҢ ЖАРНАСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттар саны – 69. Демек, тіркеу үшін ұсынылған партиялық тізімге 90-нан артық кандидат кіре алмайды. Заңмен Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адамға бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша ұсынылуға тыйым салынады. Сайлау заңнамасына енгізілген жаңа нормаларға сәйкес Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады: 69 депутат – біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, 29 депутат – бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарына барлық депутаттардың 50% мажоритарлық жүйе бойынша, 50% партиялық тізімдер бойынша сайланады. Аудандар мен қалалардың мәслихаттары толықтай мажоритарлық жүйе бойынша сайланатын болады. Тұтастай алғанда, алдағы сайлауда 223 мәслихаттың 3415 депутаты сайлануы тиіс. «ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңның 88-бабы бойынша Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау жарнасы ең төменгі жалақының (ЕТЖ) – 15 еселенген мөлшері (1 млн 50 мың теңге) көлемінде болады. Мәжіліс депутаттарының алдыңғы сайлауында сайлаушылар дауысының 5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді (Алдыңғы сайлауда Аманат – 71,9%, Ақжол – 10,95%, ҚХП – 9,1%, Ауыл – 5,29% дауыс жинаған болатын). 3-5% және 3% дейін дауыс алғандар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін сайлау жарнасының 50 (525 мың теңге) және 70% (735 мың теңге) төлейді. Сондай-ақ, кандидаттар бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелгенде Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) шотына ЕТЖ-ның 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Ал 104-бап бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау жарнасы 5 ЕТЖ (350 мың теңге) көлемінде болады. Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша сайлау жарнасын мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында сайлаушылардың 5 % және одан да көп дауысын алған саяси партиялар төлемейді. 3-5% және 1-3% дейін дауыс алған саяси партиялар сайлау жарнасының 50 % (175 мың теңге) және 70 % (245 мың теңге) мөлшерінде төлейді. Бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау жарнасы 5 ЕТЖ-дан (350 мың теңге) көлемінде. Сонымен қатар, депутат болып сайланғанда, сайлаушылардың кем дегенде 5% дауысын жинағанда, кандидат немесе партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда жарна кандидатқа немесе саяси партияға қайтарылады. Басқа жағдайларда енгізілген жарна қайтаруға жатпайды және республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі. Заңнамада кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау қорларының шекті мөлшері мен көздері де белгіленген. Сайлау қорлары кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан және республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырымдылықтарынан құрылады. Мәселен, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшері 700 ЕТЖ-дан (49 млн теңге) аспауға тиіс. Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған саяси партияның сайлау қорының мөлшері 15 мың ЕТЖ (1 млрд 50 млн теңге), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының депутаттығына – 3 мың ЕТЖ-дан (210 млн теңге) аспауға тиіс. Бірмандаттық округтер бойынша сайланатын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың сайлау қоры 300 ЕТЖ (21 млн теңге), аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттығына – 150 ЕТЖ-дан (10,5 млн теңге) аспауға тиіс. Сондай-ақ, әрбір жеке және заңды тұлғадан ерікті қайырымдылықтардың тиісті шекті мөлшері де белгіленген.

ШЕТЕЛДІК БАҚЫЛАУШЫЛАР

ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның сөзіне қарағанда, олар сайлауды байқауға қатысу үшін 34 шет мемлекеттің орталық сайлау органдарына, ал Сыртқы істер министрлігі халықаралық және парламентаралық ұйымдарға, сондай-ақ, Қазақстандағы дипломатиялық корпусқа шақырулар жіберген. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров 20 қаңтардағы сайлау науқаны шеңберіндегі бірінші отырысында бір шет мемлекеттен және екі халықаралық ұйымнан 25 байқаушы, оның ішінде Палестинадан 1 байқаушы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан 11 байқаушы және ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі миссиясынан 13 байқаушы ұсынылғанын айтты. Ал ақпанға дейін ОСК-ға 2 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерімен қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті.

ҚОҒАМДЫҚ ПІКІРГЕ САУАЛ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ ҚАЛАЙ?

«ҚР Сайлау туралы» заңының 28-бабында сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде 5 жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы ОСК-ге жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы. ОСК-ға жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі. Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi. Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде (14-18 наурыз) және дауыс берiлетiн күні (19 наурызда) интернет желісінде жариялауға жол берілмейдi. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу адамды әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болып табылады (ӘҚБтК-нің 120-бабы).

САЙЛАУДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ДА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

ОСК жанында тұрақты жұмыс жасайтын мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшелері сайлауда мүгедектігі бар азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып, сайлау органдары дайындайтын ақпараттық-анықтамалық материалдарды, сайлау құжаттарын әзірлеуге және талқылауға белсенді қатысады. Конституциялық заңдағы соңғы өзгеріске сәйкес Мәжіліс сайлауы кезінде саяси партиялардың тізімдеріндегі әйелдер мен жастарға үшінші санат өкілдері мүгедектігі бар адамдар үшін квота белгілеу туралы норма бірінші рет қолданылады. Яғни, партиялық тізімдегі әйелдер, жастар, мүгедектігі бар адамдар саны жиынтығы бойынша кемінде 30 пайызын құрауы тиіс. Сонымен бірге, бұл норма депутаттық мандаттарды бөлу кезінде де қолданылады: үш санат өкілдерінің – әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдардың саны жиынтығы сайлау қорытындылары бойынша партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрайды.

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ САНЫ БЕЛГІЛІ МЕ?

ОСК мәліметіне қарағанда, 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республика сайлаушыларының тізіліміне белсенді сайлау құқығы бар 11 млн 976 мың 406 азамат енгізілді. Уақытша тіркелген азаматтар; тіркеусіз азаматтар, сондай-ақ, сайлауға дейін 30 күннен кешіктірмей оның тіркелген жері бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға сайлау күні келуге мүмкіндігі болмайтыны белгілі болған сайлаушы сайлау тағайындалған сәттен бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. Орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ, жатақханаларда тұратын күндізгі оқу нысанында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша білім алушылар жатақхананың орналасқан жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізіледі. Жергілікті атқарушы органдар өңірлердің оқу орындарының басшыларымен бірлесіп студенттерге болатын орны бойынша дауыс беруге мүмкіндік беруі қажет. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар да жазбаша өтініштер негізінде сайлаушылар тізіміне енгізілуі мүмкін. Олар, сондай-ақ, жазбаша өтініштер негізінде сайлаушылар тізіміне енгізілуі және Мәжіліске бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша, егер осы аймақта тіркелген болса, бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша дауыс беруі мүмкін. Әскери бөлімдерде сайлаушылар тізіміне ондағы әскери қызметшілердің барлығы, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелері және әскери бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын басқа да сайлаушылар енгiзiледi.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті» (материал ОСК мәліметтері бойынша әзірленді)

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,