Қызылордада ҚАЖ қызметкерілері «Жүрекке төгіп мың сәуле» атты әдеби – сазды кешке қатысты

Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай облыстық Жастар ресустық орталығында қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапхананың ұйымдастыруымен ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Жыр кешіне Сыр өңіріне белгілі ақындар мен белсенді жастар және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37, №68 мекемесінің қызметкерлері де қатысты.

Кеште талантты жастар Мұқағали әлеміне тереңірек бойлап,оның сыршыл поэзиясы, пайымдауы өзгеден бөлек жебелі жырларынан жүректерге ерекше үнмен, соны серпінмен жеткізді.
Кеште ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің тәрбие бөлімінің қызметкері әділет аға лейтенанты Айнұр Абдрашитова ақын өлеңін жатқа оқыды.

— Поэзияның адам жанын жақсылыққа, ізгілікке, сұлулыққа тәрбиелейтін қасиеті бар. Біздің әрқайсымыз, мектеп қабырғасынан ақын өлеңдерімен сусындап өстік Ақын жырлары – әр адамға күш-қайрат, рух беретін өзгеше бір әлем. Өз басым солай түсінемін. Бүгінгі кештің өтуі шынымен мені қуантты. Кеште ақынның «Сәби ана» өлеңін оқып, кештен керемет әсер алдым»,- деді Айнұр Абдрашитова.

Кеш соңында ақынның сөзіне жазылған әндер де шырқалып, көрермендер бір мезет әуен құшағында тербелді.

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...