12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР СЕНІМДІ АҚТАДЫ

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, сот шешімдерінің дер кезінде орындалуының маңызы зор. Елімізде осы бағытта жеке сот орындаушылар институтының іске қосылғаны белгілі. Бүгінде бұл құрылымның жұмыс істей бастағанына 10 жылдай уақыт болды. Осы кезең ішінде жеке сот орындаушылар институты толыққанды қалыптасып, соның арқасында атқарушылық өндіріс сапасы жағынан да, саны жағынан да жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Бұл жұмыс жүктемесінің белгілі бөлігін аталған құрылымның еншісіне берілуімен тиімді болуда.

2016 жылдан бастап мемлекеттік сот орындаушылар тек қана мемлекет мүддесіндегі құжаттарды атқарып, қалған барлық санаттағы сот шешімдерін іске асыру жеке сот орындаушылар құзыретіне берілген еді. Бұл шешімнің бүгінде дұрыстығына көз жетіп келеді. Жеке сот орындаушылар түрлі кедергілерге қарамастан өзіне артылған міндет үдесінен шығуға талпынуда. Мұны олардың былтырғы жұмыс қорытындысына қарап, зерделеуге болады. Өткен жылы сот орындаушылар құзырында 7,8 миллион атқарушылық құжат болды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1 миллионға артық екен. ҚР Әділет министрлігінің стратегиялық жоспарының индикаторлары бойынша екі көрсеткішке де қол жеткізілді. Жеке сот орындаушылардың күшімен мемлекеттік бюджет 23,5 млрд теңгеге толықтырылды. Бизнестің пайдасына 185 млрд теңге өндірілді. Сол секілді құны 4 млрд теңге көлемінде кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақылары өндірілген екен. Елімізде алименттік істерге қатысты қабылданған шешімдерді атқару күрделі болып келгені белгілі. Жеке сот орындаушылардың белсенді іс-қимылының арқасында бүгінде проблемалық алименттер жайлы іс едәуір азайды. Мәселен, 2021 жылы 282 мың істің 17 мыңын атқару қиындық тудырған болса, 2022 жылға атқарылуға тиісті 303 мың істің тек 15 500-ін орындау мүмкін болмады. Яғни, орындалуға тиіс шешімдер қатары едәуір көбейсе де проблемалық істер саны аталмыш кезеңмен салыстырғанда аз болды. Алиментке қатысты туындайтын мәселелердің көптігін ескерсек, бұл сот орындаушылардың ілкімділігін көрсететін едәуір жетістік. Сол секілді, жеке сот орындаушылардың дер кезіндегі тиімді шарасының нәтижесінде жұмыс істемейтін 2150 борышкер өз кәсібін тапты. Ал, 6700-ден астам борышкер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ағымдағы жылдан бастап Республикалық палата өңірлердің қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізген болатын. Осы шараның нәтижесінде аймақтардағы палаталардың жұмыс барысын талдап, саралап жетістік пен кемшілікті айқындауға мүмкіндік туды. Қуанарлығы ауыз толтырып айтарлық оң өзгерістер бар. Әсіресе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарындағы жеке сот орындаушылар қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстары бұл институттың мүмкіндігінің кең екенін көрсетеді. Бастысы міндеттің жауапкершілігін сезіне білу қажет.

Бүгінде осы үдеден шыққан өңірлердің бірі – Солтүстік Қазақстан облыстық Жеке сот орындаушылар палатасының жұмысына айрықша тоқталуды жөн көріп отырмыз. Жалпы өңірлік палата қызметінің басым бағыты мемлекетке тиісті қаржы, азаматтардың алимент пен жалақы бойынша берешекті өндіру мақсатында атқарушылық істі жүзеге асыру. Солтүстік Қазақстан облысындағы сот орындаушылар палатасы осы санаттағы құжаттардың орындалу тиімділігін арттыру және нақты қалпына келтіру бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Мәселен, былтыр аймақтағы сот орындаушылардың құзырында жалпы құны 500 млрд теңгеден асатын 203 676 атқару құжаты болса, жыл соңында оның 101 332-сі қаралып, бұл жұмыс 49,7 пайызға орындалды. Ал, жеке сот орындаушылар еншісінде осы кезеңде мемлекет кірісіне өндірілуге тиіс 2 млрд теңгені құрайтын 65 949 атқару құжаты болды. Оның 30 869-ы құны 759 млн теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұлдар. Есепті кезеңде осы істердің 41 425-і яғни 62,8 пайызы аяқталып, мемлекетке 1 млрд теңгеден астам кіріс кіргізілді. Аймақтық сот орындаушылар палатасы тұрақты түрде жеке сот орындаушылар палатасының атқарушы құжаттар бойынша жұмыстарына мониторинг жүргізіп тұрады. Соның нәтижесінде жеке сот орындаушылардың әрқайсысына жеке-жеке кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Былтыр осы мақсатта 47 мониторинг өткізілді. Сол секілді аймақтық палата жеке сот орындаушылармен бірге төленбеген айыппұлдарды анықтау үшін Атқару өндірісінің автоматты ақпараттандыру жүйесінің, әкімшілік практикалық басқармасының мәліметтерін саралап, солардың негізінде нақты шараларды жүзеге асырады. Мәселен, былтыр жеке сот орындаушылар Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі департаментпен бірлесіп, мемлекет алдындағы берешекті өндіру мақсатында 11 рейд жасады. 2022 жылы облыстың жеке сот орындаушыларының өндірісінде алимент өндіру бойынша 8510 атқару өндірісі жүргізілсе, оның 182-сі проблемалық алимент. Есепті кезеңде барлығы 1390 атқару өндірісі аяқталды, оның 1046-сы орындалмай қайтарылып, 182-сіне атқарушылық өндіріс тоқтатылды. Борышкерлерді іздеуге байланысты 67 атқару өндірісін жалғастыру қажет болмады. Іздеуде жүрген борышкерлер бойынша Көші-қон полициясы тарапынан тоқсан сайын тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде берешегі бар 17 борышкер анықталып отыр. Жеке сот орындаушылар, жергілікті атқарушы органдар және ішкі істер органдары тарапынан жүргізілген мақсатты және әдістемелік жұмыс нәтижесінде проблемалық алимент өндіру ісін тиісінше 197-ден 148-ге дейін, қарыз сомасы 295 миллион теңгеден 214 млн теңгеге дейін азайтылды. Сонымен қатар, аталған мерзім ішінде Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушылары пәрменімен 59 атқарушылық өндіріс бойынша көлік құралын басқару құқығы уақытша тоқтатылды, 21 атқару өндірісі бойынша көлік құралдарына іздеу жарияланды. Бүгінде олардың 6-ы ұсталып, арнайы тұраққа қойылды. 128 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 78-і әкімшілік тұтқынға алынып, 50-іне айыппұл салынды. Сондай-ақ, аталған мерзімде облыстың халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, 21 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Соның арқасында 115 борышкер жұмыссыз ретінде тіркеліп, 95-і жұмысқа орналастырылды. Бұл шаралар тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Осы санаттағы істер бойынша тиімді шаралардың бірі борышкерлерді ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту. Жеке сот орындаушылары бұл тұрғыда да қарқынды жұмыс істеуде. Мәселен, 2022 жылы Ішкі істер органына борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 179 ұсыныс жолданды. Солтүстік Қазақстан облысындағы жеке сот орындаушылардың атқару өндірісі шеңберінде барлық қауіпсіздік шаралары қабылданып, жұмысқа орналастыру қажеттілігі туралы хабарламалар берілді, борышкерлердің тұрғылықты жеріне бірнеше рет арнайы барып, борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін материалдар жолданды. Жүргізілген жұмыстардың және мәжбүрлеу шараларын қолданудың қорытындысы бойынша жеке сот орындаушылар барлық төрт атқарушылық өндірісте 3 038 852 теңге қарызды толығымен өндірді. Жеке сот орындаушылардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар мен шағымдарды қарауды талдау жалпы алғанда 2021 жылмен салыстырғанда осы сипаттағы өтініштердің 28,4 пайызға азайғанын көрсетеді. Жол берілген заң бұзушылықтар үшін жеке сот орындаушылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2021 жылдың қарашасында ҚР Жеке сот орындаушыларының кәсіби ар-намыс кодексі бекітілді. Бұл құжаттың мақсаты халықтың жеке сот орындаушыларына деген сенімін нығайту, кәсіби қызмет барысында өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және әдепсіз мінез-құлық жағдайларын болдырмау. Солтүстік Қазақстан облысында әдеп мәселелерін бақылау өкілеттігі жеке сот орындаушы Сағындық Ақжановқа жүктелді. Бүгінде ҚР Жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы бекіткен Әдеп ережесі бойынша жұмыс жүруде. Олар кез келген уақытта Әдеп жөніндегі өкілмен кездесіп, қызмет барысында туындаған мәселелерді жеткізіп, шеше алады. Оларға үнемі кәсіби әдепті сақтау, міндетке адал болу жөнінде кеңестер беріледі. Осындай шаралардың арқасында жеке сот орындаушылар тарапынан жоғары ұйымдарға шағымдар болған жоқ. Ұжымның бүгінгі жетістіктерінің сыры да осында болса керек.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Надежный гарант трудовых прав

Первый вице-министр труда и социальной защиты населения РК Аскарбек...

Удобства в сфере услуг

Развитие цифровизации, создание инновационной инфраструктуры в Шымкенте набирают популярность,...

Водный потенциал

Для успешного развития регионов необходима соответствующая инженерная инфраструктура. Это...

Новые объекты культурного наследия

СТАЛО ИЗВЕСТНО, ЧТО В СЕНТЯБРЕ ЭТОГО ГОДА В КАЗАХСТАН...

Вплоть до пожизненного заключения

Стало известно, что в Туркестанской области за первое полугодие...