2 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстанның солтүстік, шығыс аймақтарына солтүстік циклон жырасының әсер етуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына оңтүстік циклон әсер етеді, соның әсерінен жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», — делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -23-25, күндіз -10-12 градус болады.

Алматыда күннің аяғында бұлттылық күшейеді, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман. Жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -3-5 аяз, күндіз +6+8 градус болады.

Шымкент үшін күн бұлтты, кейде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні 17-22 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4, күндіз +8+10 градус болады.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.