Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың жаңа бас жоспарын әзірлеуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамытуға арналған кеңесте Астананың жаңа бас жоспарын әзірлеуді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Астана инновациялық шаһар болуы қажет. Әлемде қаланы басқарудың жаңа цифрлық тәсілдері қарқынды түрде енгізіліп жатыр. Біз де бұған баса назар аударуымыз керек. Мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қырық екі компаниясының басшыларымен арнайы кездестім. Бұл компания жасанды интеллектіні дамыту ісінде көш бастап отыр. Олар «ақылды қала» жобасы аясында осы саладағы озық тәжірибесін бізге ұсынуға дайын. Әкімдікке Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, бұл жұмысты дереу қолға алуды тапсырамын. Жалпы, ІТ-бизнес өкілдерін және осы саладағы білікті мамандарды тарту қажет. Сол арқылы бас қаламыз аймақтың «Digital nomads» орталығына айналмақ», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, Астананы жасампаз, жайлы және таза қала қағидасына сәйкес дамыту керек.

«Әлемдегі барлық озық тәжірибені тиімді пайдалануымыз керек. Жалпы, Астананың қазіргі ауыр жағдайын тез арада өзгерту маңызды. Елорданы жаңғырту қажет. Осы мақсатпен қаланың даму стратегиясын қайта қараған жөн. Құжатта қаланы кешенді түрде дамытудың негізгі бағыт-бағдары айқын көрсетілуге тиіс. Әкімдікке арнайы қоғамдық тыңдау өткізіп, қаланың жаңа Бас жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Сосын Үкімет оны жыл соңына дейін мақұлдауы керек. Президент Әкімшілігі жұмыстың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылауға алады. Сіздерден нақты нәтиже күтемін», — деді Президент.

«Розовый октябрь»: в области Жетісу проходят мероприятия по раннему выявлению рака молочной железы

Специалисты Областной многопрофильной клиники области Жетісу в рамках месячника...

«Қызғылт қазан»: Жетісу облысында сүт безі обырын ерте анықтауға бағытталған шаралар өтуде

Жетісу облыстық көпсалалы клиникасының мамандары «Қызғылт қазан» айлығы аясында...

В АМКБ впервые имплантировали электрокардиостимуляторы Biotronik Solvia и Amvia

В Алматинской многопрофильной клинической больнице (АМКБ) прошёл международный мастер-класс...

АККА-да Biotronik Solvia және Amvia электрокардиостимуляторлары алғаш рет имплантацияланды

Алматы көпсалалв клиникалық ауруханасында (АККА) жүректің табиғи өткізгіш жүйесін...

Қазақстандағы әлеуметтік реформа: Азаматтардың өз еркімен жәрдемақыдан бас тартуы

Қазақстанның ауқатты азаматтары әлеуметтік желілерде балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны...