Пробация есебіндегілер музейге барды

Қызылорда облысы Шиелі аудандық пробация қызметі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейіне экскурсиялық шара ұйымдастырылды.

Музей қызметкерлері пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға күріштің бабын жасап қалай өсірілетіні жәйлі айтып, дүние жүзілік рекорд жасаған қазақтан шыққан диқаншы Ыбырай Жақаевтің ерен еңбегі мен жеткен жетістіктері жайында әңмілеп берді.

Сондай-ақ, өмірінде тұтынған бұйымдарымен таныстырды. Бүгінгі іс-шарадан есептегі азаматтар тәлімді тәрбие алды деп ойлаймын. Қарапайым еңбек ардагерінің үлгі өмір жолымен танысып, тұтынған заттарын көріп, ғибраты мол тұлғаны танып білді.

Мұражайдағы тарихи жәдігерлердің тарихымен таныс болды. Бұндай іс-шаралардың олардың қайта қылмыс жасамауына игі ықпалы болатыны анық. Сондықтан
алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады — дейді, пробация қызметінің инспекторы Б.Оразалиев

Әкімшілік соттың құрылғанына 5 жыл

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің  енгізілуіне және мамандандырылған әкімшілік...

ЧЕМПИОНДАРҒА – УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті әрқашан үздік спортшыларды қолдайды. Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде...

Вакцинация және ЖРВИ-дің алдын алу: күзгі-қысқы маусымда денсаулықты қалай қорғауға болады?

Күн суытқан сайын тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялардың...

Вакцинация и профилактика ОРВИ: как защитить здоровье в осенне-зимний период

С наступлением холодов возрастает риск распространения гриппа и острых...