ІІМ Қазақстанда қанша автокөлік заңдастырылғанын айтты

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда қанша автокөлік заңдастырылғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 30 415 өтініш мақұлданды. 6 868 автокөлік сәтті заңдастырылды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды.

Заңдастыруға өтінішті электрон үкімет порталы арқылы е-gov.kz, екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы, халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) арқылы беруге болады.

Автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуге, қылмыстық есепте тұрмауға, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуға тиіс. Сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі керек. Егер автокөлік заңдастыруға келсе, онда алғашқы тіркеу үшін мемлекеттік алымдарды, техпаспорт үшін және мемлекеттік нөмір үшін бажды төлеу қажет.

Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Орталық Азия экономикасының жалпы көлемі жарты триллион доллардан асты....

«Каждая минута важна: как в Алматинской области оказывают медицинскую помощь матерям и детям в сложных случаях?»

Осложнения на последних сроках беременности, преждевременные роды или состояние,...

Более полувека служения судебной системе

В Алматы по инициативе председателя Алматинского городского суда Армана...

Поворот исполнения решения суда

Поворот исполнения судебного решения – это процессуальный механизм восстановления...