31 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігі антициклон сілкінісінің ықпалында болады. Соған байланысты ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік циклон ойпатының әсерінен тек Қазақстанның солтүстігі мен орталығында аздаған қар жауып, бұрқасын болады. Ал республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен аздап қар жауады деп болжанды, жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен екпіні 1-6 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 11-13 аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 2-4 жылы.

Шымкентте күн көшпелі бұлтты. Өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде тұман. Оңтүстік-шығыстан екпіні 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1 аяз-1 жылы, күндіз 7-9 жылы.

«Заң және тәртіп», инклюзия және сайлауды цифрландыру: партиялар қандай тақырыптарды талқылады

Демалыс күндері партиялар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып,...

«Закон и порядок», инклюзия и цифровизация выборов: какие темы обсуждали партии

В выходные партии продолжили встречи с жителями и трудовыми...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди осуждённых прошёл айтыс

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди...

АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлттық жазба...