Осы азаматтардың қайта қылмыс жасамауының алдын алуы үшін , пробация қызметкерлері тарапынан әртүрлі іс-шаралар атқарылуда.
Соның бірі ПҚ қызметкерлері , есептегі азаматтардың жұмыспен қамтылуын басты назарда ұстайды. Осы орайда , пробация қызметкерлері, Жалағаш аудандық әкімдігінің тарапынан аталмыш топқа бөлінген квотаны пайдалану мақсатында ,алғашқы қадам жасап, іс-шара ұйымдастырды.
Яғни,Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, есептегі азаматтарға кездесу өтті.
Кездесу барысында, пробация қадағалауындағыларға»Нәтежиелі жұмыспен қамту» , «NIt» және «Алғашқы жұмыс орны’ бағдарламасы мен ‘Күміс жас’ бағдарламасы таныстырылды.
Бұл бағдарламалар бойынша еңбек әлеуетін дамытып, жұмысқа орналасуға, тегін біліктікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарынан өту жөнінде айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жалпы қадағалауындағылардың қайта қылмыс жасамай, өмірге кірігіп кетулері үшін , пробация тарапынан жасалынатын бұндай шаралардың игі әсері мол.


