12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Пробация есебіндегі азаматтар жұмысқа тарту мүмкіндігіне ие болды

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық пробация қызметкерлері аудандық прокуратурамен бірлесіп « Халықты жұмыспен қамту орталығы » КММ жұмыс жоспарына сәйкес, есептегі сотталғандарды жұмысқа тарту мақсатында бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Бұл іс-шара кент орталығындағы «Ордакент» ардагерлер үйінде өтті.

Аталған жәрмеңкеге аудандық прокуратура, пробация қызметінің жеке сот орындаушылары және БАҚ өкілдері мен ауданымыздың 17 жұмыс беруші мекемелері қатысты.

Жәрмеңкеде жұмыссыздарға 46 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыс іздеушіллердің басым бөлігі аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар мен алимент бойынша берешектері бар жұмыссыз азаматтадан құралады.

Жәрмеңкеге пробация есебінен 5 адам қатыстырылды. Соның ішінен 2 азамат «Айдархан» шаруа қожалығына тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жалпы алғанда ағымдағы жылы аудан бойынша, 12 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.

Өткізілген іс-шара нәтижиесінде, жәрмеңкеге қатысқан жұмыссыз азаматтар тұрақты еңбек көзін тауып, қоғамға да өзіне де пайдалы іспен айналыспақ.

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қарт адамдарға концерттік бағдарлама ұйымдастырды

1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні қарсаңында Абай...

Сауран аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандар да «Таза Қазақстан» акциясына белсене атсалысуда

Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында...

Келес аудандық пробация қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене атсалысуда

Адам – табиғаттың төл перзенті. Халқымыз көктем келісімен ауласын...

Қақпа алдында кездесу

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің...