12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қызылорда облысы прокуратурасы және ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен департаментке қарасты №60 мекемесінде «Ашық есік» күні өтті

Ауқымды өткізілген іс-шараға «Атамекен » кәсіпкерлер палатасы және қаладағы шағын орта кәсіпкерлік субьектілері және БАҚ тілшілері қатысты.

Өткізілген іс-шараның мақсаты : жеке кәсіпкерлер арқылы мекеменің өндіріс аймағынан әртүрлі жұмыс көздерін ашып, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту болып табылады.

Осы мақсаттарды орындау барысында алдымен ҚАЖ департаментінің бастығы, әділелет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлы жеке кәсіпкерлерге түзеу мекемелерінде кәсіп ашудың жеңілдіктері мен мүмкіндіктері жайлы айтып түсіндірді.

Сондай-ақ, департамент басшысы қатысушы кәсіпкерлерді мекеменің өндірістік аймағынан өз кәсіптерін ашуға шақырды.

Бұдан соң, Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Төлегенов Исламбек Тынарбайұлы сөз сөйледі.

Исламбек Тынарбайұлы өз сөзінде: Мемлекет басшысы өз жолдауында азаматтардың әлеуметтік жағдайын түзету, мемлекетіміздің басты бағыты ретінде айқындаған болатын. Сондықтанда, бас прокаратураның тапсырмасына сәйкес, облыстық прокуратурамен бірлесе отырып, түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамту бағытында тиісті департамент басшыларымен бірге жұмыс жүргізіп келеміз. Бүгінгі іс шараға шағын және орта бизнес өкілдерін тарта отырып, түзеу мекемелерінің аумағынан жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етпекшіміз. Бұндай іс-шаралардың жұмыссыз сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, уақыттарын тиімді пайдаланылуына және үкім бойынша жүктелген қарыздарды өтеуіне игі ықпалы зор. Өйткені, қарызы өтелінген сотталғандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жаза түрін жеңіл жаза түріне өзгертуіне мүмкіндіктері бар — деп, мәлімдеме жасады.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Алмас Махмуд Ақтанұлы жергілікті БАҚ өкілдеріне қосымша сұхбат түсініктеме берді.

Бұл күні іс-шараға келгендерге мекеме әкімшілігінің ұйымдастырумен, сол кәсібін жүргізіп келе жатқан кәсіпкерлердің сотталғандардың қолымен жасап шығарған өнімдерінен жасалынған көрме ұсынылынды.

«Таза Қазақстан!» экологиялық акция  №11 мекемедегі балалар колониясында сенбілік өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС Алматинской области отметили День единства

Сотрудники учреждения №14 Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...

Елордалық колонияда Халықтар бірлігі күні атап өтілді

ҚР ІІМ ҚАЖК “№3 Мекеме” РММ-де сотталғандар арасында «Қазақстан...

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қарт адамдарға концерттік бағдарлама ұйымдастырды

1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні қарсаңында Абай...