26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Еліміздің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлері жоғары атмосфералық қысым аумағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Басқа аймақтарда атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, жаяу бұрқасын болуы мүмкін, жел күшейеді, тек батыста және оңтүстікте тұман түседі», — делінген хабарламада.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында 25 градус қатты аяз болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады. Жел оңтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -18-20, күндіз -11-13 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел жылдамдығы 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -2-4 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз +1+3 градус болады.

Дело Нурай: доказательства вместо версий

В СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОМ МЕЖРАЙОННОМ СУДЕ ПО УГОЛОВНЫМ ДЕЛАМ ШЫМКЕНТА ЗАВЕРШЕНО...

Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеуге арналған іс-шара өтті

Абай облысы ҚАЖ әйелдер колониясында ұлы ақын әрі ойшыл...

Ұлттық бірегейлік пен рухани құндылықтар мәселелері талқыланған кітап таныстырылымы өтті

2026 жылғы 11 тамызда Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық...

Ыстықкөлдегі жазғы мектеп Орталық Азия мен Қытай медиасарапшыларын біріктірді

14-ші Халықаралық журналистика және коммуникация жазғы мектебінде Орталық Азия...