Пробация есебінде тұрған тұлғалар тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеріліп жатыр

Абай облысы бойынша пробация қызметінің қызметкерлері жыл басынан бері есепте тұрған сотталғандардың тарапынан бұзушылықтарды анықтап, профилактикалық жұмыс жүргізу үшін тұрғылықты мекен жайы бойынша жұмыстарды жилеп жүргізуде.

Пробация қызметкерлері тарапынан жүргізілген жұмыстар нәтижесі оң бағытта.

Бүгінде Ұрджар аудандық #2 пробация қызметінің нсебінде 30 ға жуық сотталған есепте тұр. Жазасын өтеушілер тарапынан құқықбұзушылыққа деректері орын алған жоқ. Бұл жүргізіліп отырған жұмыстардың нәтижесі екені анық.

Әр тексеру барысында сотталғандарға жазаны өтеу шарттары бұзылған жағдайда бас бостандығынан айыруға жазаның жеңіл түрін алмастыра алатындығы туралы ескертіледі. Сондай ақ, пробация қызметкерлері пробация қызметінде есепте тұрған адамдар арасында құқық бұзушылықтардың және жазаны өтеу шарттарының алдын алу және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқарды, – деді Ұрджар аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Данияр Таныспаев.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...