Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Келес аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға орай инспекторлар күшейтілген қызмет түріне көшті.
Осындай іздеу нәтижесінде Кеклес аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 1 сотталған азаматқа іздеу жариялады. Ол пробация қызметкерлері ескерткен ескертулерге құлақ аспай, жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, прфилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған.
Ол 2020 жылы Сарыағаш аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі «3» тармағымен 3-жыл мерзімге шектеу жазасына сотты болған азамат Келес аудандық ПҚБ-нің есебіне 2020 жылды 7-желтоқсанында алынған. Қазіргі таңда жазасын өтеуден жалтарып, бақылаудан бой тасалап қашып жүр.
02.03.1978 жылы туылған Канаев АрманСабитовичтың Белгілері: бойы 175-178 см. шашы қара түсті, дене бітімі орта, көзі қоңыр қара түсті.
Жоғарыда аты аталған сотталғанға қатысты бір мәліметті білсеңіздер немесе осы азаматтарды көрген болсаңыздар бірден өздеріңіздің жергілікті қызметкерлерге толық хабарлама беріп, қандайда бір мәлімет болған жағдайда дер кезінде 102 арқылы хабар беруді немесе Келес аудандық ПБ-нің КПБ-не жеткізуді немесе Келес аудандық Пробация қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.
Байланыс телефондары: 8+(7252)-53-91-54, 8+(72532)-3-16-80, +7(775)9096379 Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Темірбеков Бекзат.


