Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған безбүйрек ана қамауға алынды. Бұдан басқа Келес ПҚБ-нің тексеру барысында соталған азаматша үйінде болмауы, шақыруға келмей, сот жүктеген міндетті орындамағаны анықталған.
Пробация қызметі — қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенетенциарлық) жүйесінің органы. Келес аудандық пробация қызметінде бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған әйелдер де бар. Солардың бірі 2021 жылы бөтеннің мүлкін жымқырды деген айыппен Сара Келес аудандық сотының қаулысымен төрт жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына тартылға болатын. Осы жазаның орындалуын ұйымдастыруды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады. Ал, егер осы пробация қызметінің жүктеген міндетін орындамаған жағдайды, бас бостандығынан айрылады.
Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын азаматша жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, прфилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін және алдағы уақытта жаңадан қылмыс жасауының алдын алумен оның түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында, пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып Сара есімді азаматша бас бостандығынан айыру жазасына 1 жыл 7 ай 23 күнге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазаның өтелмеген бөлігін Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді.
– Бұл азаматша Келес аудандық пробация қызметінің есебіне алынған алғашқы күні-ақ, өзінің құқықтары мен міндеттері жайында және баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтарған жағдайда, сотқа жазаны өтеуді кейiнге қалдырудың күшін жою бойынша және сот үкiмiне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiберу бойынша ұсыныс жолданылатыны ескертілген болатын. Жазасының орындалуын бақылау кезінде сотталған азаматшаға және оның балаларына пробация қызметі тарапынан бірнеше рет әлеуметтік көмектер көрсетілумен қатар, азық-түлік себеттері берілді. Алайда, азаматша жаза өтеу барысында өзіне сотпен берілген мүмкіндікті тиісті деңгейде орындамай, асырауындағы мүгедек баласын қамқорлықпен тәрбиелеудің орнына оны қараусыз қалдырып, жазасын өтеуден қасақана жалтарды. Сонымен қатар, мүгедек баланы асыраушы ретінде мемлекет тарапынан тағайындалған ай сайын берілетін жәрдемақысын бас пайдасына жаратып отырған, – дейді Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Нұрымбетов.
Сот жүктеген міндеттерді орындамай, жазадан қасақана жалтарғаны үшін Келес аудандық сотының қаулысымен іздеу жарияланып, нәтижесінде бас бостандығынан айрылып, қамауға алынып, пробация қызметімен аудандық сотқа жазаны өтелмеген бөлегін абақтыда өтейтін болады. Сотталған азаматша мүгедек баласына қамқорлық жасамай бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған. Сотталған азаматшаның осындай іс-әрекеттерінен кейін мүгедек баласы Келес ауданы адами әлеуметті дамыту орталығына орналастырылды.
Ананың жағдайы түзелмесе, ұрпақтың түзелуі қиын болатыны белгілі. Қалай болғанда да, безбүйрек ана, тастанды балалардың көбеюі қоғамның азғындауына әкеліп соғатыны сөзсіз. Анасының осындай жаман қылығын көріп өскен баланың тәрбиесі де өзгереді. Безбүйрек ананың балалары да анасының қателігін жасап жүрмесіне кім кепіл?! Сондықтан, сіз болып, біз болып алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілсе нұр үстіне нұр болар еді.
Шымкент қаласы және
Түркістан облысы бойынша
ҚАЖД қызметі


