Жоқ! — деп айтуды үйрен!

Достар, дәл осындай атпен облыстық бауқау өтуде. Мақсаты біздің есірткіге деген көзқарасымызды анықтау. Жат қылықтан аулақ болуға шақыру. Бәріңізге белгілі нашақорлық пен уытқұмарлық қаншама адамға кесірін тигізуде. Жастар денсаулығын ғана емес, жалынды өмірін де құртуда. Жаңалықтардан күн сайын көріп отырмыз. Есірткіні жасырын сатушылар көп. Әсіресе әлеуметтік желіде жас буынды тез алдап арбайды. Біз есірткінің зиян екенін біліп тұрып алданбауымыз қажет.

Мен Асылбек Жүніс нашақорлыққа қарсымын. Барша замандастарымды есірткіден аулақ болуға шақырамын!

Ақпарат қолжетімді уақытта өзімізге пайдалы және зиянды заттарды білуіміз қажет. Әлде біреу есірткі ұсынса, жоқ! — деп айтуды үйрен. Жат қылыққа жолама! Оның орнына салауатты өмірді сақтап, жаңашылдықтарды үйренейік!

Адам өмірі бір-біріне ұқсамайтын ерекше кезеңдерімен құнды. Біздің қазіргі оқушылық күндерімізде қайта келмейді. Әрбір сәтті мәнді де, сәнді өткізу маңызды. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген халқымыз. Игі іске болысайық! Өнерді, ғылымды үйренейік! Қандай қиын жағдай болса да, дұрыс таңдау жаса! Есірткіден аулақ бол!

Асылбек ЖҮНІС,

№56 орта мектептің 10 сынып оқушысы, Жаңақорған ауданы

ОСК МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСАТЫН САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен саяси партиялар заңнамаға сәйкес...

ӘРПК аясындағы медиация: заң мен келісім үндестігі

Құқықтық мемлекетте кез келген даудың шешімі әділдік пен заңдылыққа...