Ақтөбеде қоныс колониясының жеке құрамына жалпыға бірдей декларациялаудың түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №9 мекемесінің жеке құрамына Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері Бейбіт Қасаева келіп, жалпыға бірдей декларациялау жайлы түсіндірме жұмысын жүргізді.

Басқарма қызметкері өз сөзінде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларация тапсыратындығын, сондай- ақ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін декларациялау енгізілетіндігін, ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаттары өтетіндігін және декларацияда ҚР шегінен тыс мүлік, болған жағдайда – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес көрсетіндігін атап өтті.

“ҚР шегінен тыс құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, инвестициялық алтын, авторлық құқық, зияткерлік меншік объектілері – осының барлығын Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де көрсетуі қажет”-деді Бейбіт Қасаева бұл орайда.

Кездесу іс- шарасы барысында мекеме қызметкерлері маманға туындаған сұрақтарын қойып, жауап алды.

Во благо здоровья 

Хороший подарок получил ко Дню судьи и работника суда...

Медиация в судебном порядке

Наше общество состоит из множества общественных взаимоотношений и, разумется,...

Спартакиада прошла успешно

В канун Дня судьи и работника суда, а также...

Кассационный суд по гражданским делам

C 1 июля 2025 года в Казахстане начал работу...

Верность профессии

24 июня в Республики Казахстан пятый год празднуется профессиональный...