Жоқ! — деп айтуды үйрен

Достарым, замандастарым!

Менің есімім — Севара! Байқоңыр қаласында тұрамын. Бәрімізге белгілі нашақорлық ересектердің ғана емес, жасөспірімдердің де өмірін құртуда. Кей жастар есірткі пайдалану арқылы есейдім, өзім білемін деп өзгеріп шыға келеді. Қателікке бой алдырғанын кеш түсінеді. Нашақорлық пен уытқұмарлықтың жастар мен оның отбасына тигізетін зияны көп.Денсаулығы ғана емес шаңырақтың да шырқы бұзылады.

Араласатын ортадан адам жақсыны үйреніп, жаманнан жиренеді. Халқымыз «Жақсымен жолдас болсаң, жетесің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаласың ұятқа» деген. Қандай жағдай болса да дұрыс таңдау жасаңыз. Жақсы дос есірткі ұсынбайды. Сізді нашақорлыққа шақырса, «жоқ! » деп айтыңыз. Дұрыс шешім қабылдауға қорықпаңыз.

Сіз жақсы дос, жақсы ортада болу керексіз. Армандарыңыз орындалып, табысқа жеткіңіз келсе, жат қылықтан аулақ болыңыз. Өкінішке орай, жастарды улау арқылы ақша табуды мақсат етіп жүргендер де бар. Заңсыз есірткі сатушыларды полиция қырағы іздеуде. Саған да біреу есірткі тұтынып кө руді ұсынса, бас тарт. Уытқұмарлық пен есірткі көңіл көтерудің амал емес. Денсаулығыңды өзіңді құрту. Қателікке бой алдырмас үшін уақытыңды жоспарла. Спортпен шұғылдан. Спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады.

Мен Севара Қыпшақбай нашақорлыққа қарсымын!

Сіздерді де есірткісіз жарқын болашақты таңдауға шақырамын.

#ЕсірткігеҚарсыБайқау

Севара ҚЫПШАҚБАЙ,

№272 орта мектептің 8 «Б» сынып оқушысы,

Байқоңыр қаласы, Қармақшы ауданы.

Горный курорт Oi-Qaragai вводит тариф «Отан» для граждан Казахстана

Горный курорт Oi-Qaragai объявляет о запуске нового специального тарифа «Отан», ориентированного...

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан азаматтары үшін «Отан» тарифін енгізеді

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жаңа арнайы...

Мектептегі мазмұнды шара

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды...

Жаңа Конституция ел игілігі үшін

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат....