Қасақана бұзушылықтар үшін жаза ауыстырылды

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамға қатысты қашықтан форматта бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сот процесі өтті.

Есепке қою кезінде сотталушымен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізілді, сондай-ақ бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілді. Алайда сотталған адам сот жүктеген міндеттерді бірнеше рет бұзды және өзі үшін тиісті қорытынды жасамады. Бұзушылықтар қасақана және жүйелі болғандықтан аудандық пробация қызметінің қызметкерлері, бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сотқа материалдар жіберілді.

Сот отырысында сотталған адам өзінің кінәсін, сондай-ақ жазаны өтеу тәртібін бұзу фактілерін толық мойындады. Сот іс материалдарын зерттей отырып, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, бас бостандығынан шектеу жазасын айыруға ауыстырды.

СҚО бойынша ҚАЖД

Ғ.Мүсірепов ат. ауданының

ПҚБ аға инспекторы

әділет майоры С.Қ. Жетпісова

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...